қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Ағыбай Құрманғазы Еркінұлы

Ағыбай Құрманғазы Еркінұлы

 

Ағыбай Құрманғазы Еркінұлы 1995 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне түсіп, 1999 жылы аталған университеттің бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша толық курсын бітіріп шықты. Аталмыш оқу орнын аяқтаған соң, 2001-2003 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Педагогика» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген. Академиялық дәрежесі - педагогика магистрі. 2003-2007 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Педагогика» мамандығы бойынша аспирантурасын бітірген. 1999 жылы «Дарын» әлеуметтік-гуманитарлық иниститутында оқытушы қызметін атқарған. 2007 жылдан бастап Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің «Жалпы психология» кафедрасында оқытушы қызметін атқаруды. 2015 жылдан бастан «Педагогика және психология» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқаруда.


Ағыбай Құрманғазы Еркінұлы «Әлеуметтік психология», «Педагогикалық психология», «Жасерекшелік педагогикасы», «Психология тарихы» пәндерінен дәріс береді. Осы пәндер бойынша республика деңгейінде типтік бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешендерін дайындады. Сонымен қатар, осы аталған пәндер бойынша семинарлық, студенттің оқытушы жетекшілігімен орындалатын, студенттің өзіндік жұмыстарын және тест тапсырмаларын дайындауға белсене қатысты. Педагогика және психология мамандығының студенттеріне арнап оқу, педагогикалық және кәсіби практикалары бойынша әдістемелік нұсқаулар құрастырды.


Ағыбай Қ. Е. ғылыми-зерттеу жұмыстарының басым көпшілігі жоғарғы білім беру жүйесінің қалыптасу тарихы мен даму тенденциялары және жоғарғы оқу орындарында білім беру мәселелері тақырыптарын қамтиды. Осы бағыттар аясында елуден астам ғылыми мақалалардың авторы болып табылады.


Университеттің, иниституттың маңызы бар оқу-тәрбиелік, мәдени іс-шараларына белсенді ат-салысушы.


Қ.Е. Ағыбай өз жұмысына жауапты, коммуникативті, студенттер мен әріптестер арасында беделді, үлгілі маман иесі.

 

 

 


← Кері оралу