қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Есенова Қалбике Өмірбайқызы

Есенова Қалбике Өмірбайқызы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ 

Қ.Ө.Есенова 31 қаңтар 1965 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1990 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

1992-1995 жылдары ҚРБжҒМ ҰҒА А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының күндізгі бөлім аспиранты;

1995-2003 жылдары ҚРБжҒМ ҰҒА А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері;

2001 жылы 10.02.02 - Қазақ тілі мамандығы бойынша  «М.Әуезов  публицистикасының тілі» атты тақырыпта филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертациясын қорғады.

 2007 жылы «Қазіргі қазақ медиамәтінінің прагматикасы» атты тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады. 

2003-2009 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қазіргі қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының доценті;

2009-2012 жылдары Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі.

2012 -2014 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Магистратура және PhD докторантура институтының Филология мамандықтары кафедрасының доценті.

2014 -2016 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Магистратура және PhD докторантура институтының Филология мамандықтары кафедрасының меңгерушісі

2016 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі

 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күн

 

Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институты

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

1990

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

аспирант

2000

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Филология ғылымдарының докторы

Лингвистика, филология, медиалингвистика, антрополингвистика, саяси лингвистика

2007

 

ҒЫЛЫМИ  АТАҒЫ

Ғылыми атағы

Марапаттау күні

 

профессор

2019

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері)

Магистратурада: Прагмалингвистика, дискурс теориясы, қазақ медиамәтінінің дамуы, публицистикалық стильдің ғылыми-теориялық негізі

Докторантурада: лингвосаясаттану, медиалингвистика, саяси дискурс, коммуникативті лингвистика

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Мақала - 250

Ғылыми монография - 11

Оқу құралы - 6

Жоба орындаушысы -5

Сөздіктер - 3

 

Монографиялары «М.Әуезов публицистикасының тіл өрнектері» (2005), «Қазіргі қазақ медиа мәтінінің прагматикасы» (2007), «Педагогтік жұмыстың заманауи аспектілері», (2013ж., Одесса, авторлық бірлестікте) атты ғылыми монография, Лингвокогнитологияның өзекті мәселелері (2014), Түркітану ғылымының өзекті мәселелері (2016), Лингвосаясаттану: саяси дискурстың прагматикасы (2017), Функционалды грамматика: ұғымдары мен категориялары (2016), Медиалингвистика (2015), Рragmalinguistic  snudies in linguistics. (2017), Тенденции и инновации фундаментальных и прикладных наук  (2017), Лингвофилософия (2019), Лингвоаксиология (2020).

 

Оқу құралдары: Медиалингвистика: мерзімді баспасөз тілін зерттеудің прагматикалық аспектісі. (2015), Функционалды грамматика (2016),  Лингвоаксиология (Қазақ баспасөз материалдарының негізінде) (2017), «Қазіргі қазақ тілі» (2005ж., авторлық бірлестікте) оқу құралы, Лингвосаясаттануға кіріспе (2017). Лингвосаясаттанудың өзекті мәселелері.(2017)

 

Сөздіктер:  ҚР Президентінің бастамасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Мәдени мұра» бағдарламасына қатысты он бес томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігін», «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігін», «Қазақша-ағылшынша-орысша, ағылшынша-қазақша-орысша іскери тілі сөздігін» құрастырушылардың бірі.


Жобалары: ҚРБжҒМ гранты бойынша «Қазақ жазуының даму жолдары мен қалыптасу кезеңдері», «Ауызша коммуникация тілінің мәдениеті», «БАҚ құралдарының тілі мен стилі» , «Тіл және сөз стилистикасының лингвокогнитивтік аспектісі», «Қазақтың саяси-дипломатиялық тілінің когнитивтік аспектісі» атты ғылыми жобалардың жетекші авторларының бірі.


МАРАПАТТАРЫ

- «Үздік ұстаз -2019» төсбелгісі (2019)

- «Абай атындағы ҚазҰПУ 90 жыл» мерекелік медалі (2018)

-  «Білім беру саласының үздігі» медалі (2018).

-  «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» куәлігі (2017)

-  БжҒМ, Университет ректоры атынан бірнеше алғыс хаттар. 

 

 

 


← Кері оралу