қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Османова Зейнеп Жалалықызы

Османова Зейнеп Жалалықызы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ

1993 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 1997 жылы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша үздік дипломмен, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін  құқықтану мамандығы бойынша  2009 жылы үздік дипломмен аяқтады. Еңбек жолын 1997 жылдан, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың практикалық қазақ тілі кафедрасында аға оқытушылық  қызметтен бастап, деканның тәрбие-ісі жөнінде (2005-2008 жж.), директордың оқу-ісі жөнінде орынбасары (2018-2019 жж.) қызметтерімен ұштастырып, қазіргі таңға дейін ұжымда 25 жыл бойы ұстаздық қызметті үздіксіз,  абыроймен  атқарып келеді.

2004 жылы 10.02.02. мамандығы бойынша «І.Жансүгіров поэзиясы тілінің көркемдік ерекшеліктері» деген  тақырыпта кандидаттық диссертация қорғалды.

100-ден астам жарияланған ғылыми еңбектері, ғылыми және оқытушылық қызметті біріктіреді. 

 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күні

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

1997

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 

заңгер

2009

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Филология  ғылымдарының кандидаты

 Тіл саласы

 2005

 

ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ

Ғылыми атағы

Марапаттау күні

 

Қауымдастырылған профессор (доцент)

 2019

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері)

Бакалавриатта:  Қазақ тілі, қазақ тілін оқыту әдістемесі

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ - қазіргі қазақ тілінің стилистикасы, көркем мәтіннен лингвистикалық талдау және қазақ тілін оқыту әдістемесі.

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ - Кәсіби қазақ тілі. Оқу құралы.  ЖОО-ның физика-математика факультеті мамандықтары бойынша өзгетілді аудитория студенттері үшін. Алматы, 2010 ж. (авт. бірлестікте). Өндірістік-педагогиканы ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау (2016ж.), І.Жансүгіров позиясы тілінің көркемдік ерекшеліктері Монография (2019ж);  І.Жансүгіров прозалық шығармаларының көркемдік ерекшелігін оқыту арқылы оқушылардың оқырмандық қабілетін дамыту негіздері. Наука и Жизнь Казахстана (2019ж.)

 

МАРАПАТТАРЫ

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Үздік ұстаз» төсбелгісімен (2016ж.), Абай атындағы ҚазҰПУ 90-жылдық мерейтойлық медальмен (2019ж.),  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне орай  университет ректорының «Құрмет грамотасымен», Білім министрінің «Құрмет грамотасымен» (2018ж.), Білім беру саласындағы еңбектері үшін бірнеше дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталған.

 

 


← Кері оралу