қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Сағымбаева Айнұр Есенгазықызы

Сағымбаева Айнұр Есенгазықызы

 

Қысқаша Өмірбаян

Мен, Сағымбаева Айнұр Есенғазыевна, 1968 жылы 28 қыркүйекте ШҚО-да дүниеге келдім.

1985 жылы Алматы қаласындағы РФММИ-тын бітірдім. 1990 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ университетін қолданбалы математика мамандығы бойынша оқып, бітірдім. 

Еңбек жолым жоғарғы білім беру жүйесімен және Абай атындағы ҚазҰПУ-мен үздіксіз байланысты. 1990 жылдан 2009 жылға дейін Абай атындағы ҚазҰПУ-нің информатика және қолданбалы математика кафедарсында оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқардым. Ал, 2011 жылдан осы уақытқа  дейін Абай атындағы ҚазҰПУ-нің математика, физика және информатика институтының информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасында профессор қызметін атқарудамын.       

2010 жылы 13.00.02-Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (информатика, білімді ақпараттандыру) мамандығы бойынша педагогика ғылымдары докторы ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертация қорғадым. 2011 жылдан бастап 13.00.00 - Педагогика мамандығы бойынша профессор.

2011 жылдан бастап Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі. 

2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Абай атындағы ҚазҰПУ философия докторы (PhD),  бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі Диссертациялық Кеңестің ғалым хатшысы. 

Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі және білімді ақпараттандыру саласы бойынша 2 ғылым кандидатын, 2 PhD доктор, 40-тан астам педагогика ғылымдарының магистрлерін дайындаған.

2013 жылдан Абай атындағы ҚазҰПУ-і жанындағы философия докторы (PhD) дәрежеcін беру үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі Диссертациялық Кеңестің ғалым хатшысы

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Квалификациясы

Бітірген уақыты

С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті

математик

1990 ж.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті

зерттеуші

1997 ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәреженің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген мерзімі

Педагогика ғылымдарының кандидаты

 13.00.02.-Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (информатика)

25.06.2004

Педагогика ғылымдарының докторы

 13.00.02.-Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (информатика, білімді ақпараттандыру)

02.03.2011

 

ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ

Ғылыми атақтың атауы

Берілген мерзімі

Доцент (13.00.00-Педагогика)

23.12.2009

Профессор (13.00.00-Педагогика)

13.12.2011

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Бакалаврлар үшін:

Білім берудегі цифрлық технологиялар

Цифрлық технологиялар және мәліметтер қоры

Магистранттар үшін:

Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу

Білімді бақылау мен бағалаудың заманауи әдістері

Докторанттар үшін:

Оқыту нәтижелерін бақылау мен бағалауды ақпараттандыру әдістері 

 

Ғылыми-әдістемелік қызмет-зерттеу тақырыбы, жарияланымдар Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі және білімді ақпараттандыру саласы бойынша 230-дан астам ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың авторы. Олардың ішінде 1 монография, 38 оқулық, оқу құралдары, 173-тен астам ғылыми мақалалар, Scopus халықаралық ғылыми деректер қорында 8 мақала (H=3) жарияланған, 2 авторлық куәлік

1. Информатикадан оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауда критериалдық тәсілді қолданудың ерекшеліктері. //Абай атындағы ҚазҰПУ ХАБАРШЫСЫ. «Физика-математика ғылымдары» сериясы. -Алматы. -2020. - №4(72). Б.212-220.

2. Критериалды тәсіл негізінде информатикадан оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау жүйесінің тиімділігі //Абай атындағы ҚазҰПУ ХАБАРШЫСЫ. «Физика-математика ғылымдары» сериясы. Алматы. 2021. -№3 (75). -Б. 205-211.

3. Issues and challenges in the formation of future teacher reflexive culture in Kazakhstan //International Journal Of Innovation de Creativity And Change. -Vol.6. -Issue 12. -2019. -P. 365-381. (Scopus)

4. Project-based learning technology: An example in programming microcontrollers //International Journal of Emerging Technologies in Learning. - Vol 15, No 11 (2020). -Р. 218-227. (Scopus)

5. Methods and techniques of formation of arithmetic musical competence in students //International Journal of Learning and Changethis. -2022, 14(1), -С. 46-56. (Scopus)

 

МАРАПАТТАРЫ

ҚР БҒМ «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы-2010», Мемлекеттік гранты

ҚР БҒМ "Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы-2021»  Мемлекеттік сыйақы

2018 ж. «Ы.Алтынсарин» медалі

 


← Кері оралу