қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Боранқұлова Дина Мелсқызы

Боранқұлова Дина Мелсқызы

География ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, жұмыс өтілі - 20 жыл, мамандық бойынша - 20 жыл. Қазақстан геоморфологиясының қазіргі проблемалары және географияны оқытудың технологиясы мәселелерін зерттеумен айналысады.

 Оқытатын пәндері: «Геология», «Геология геоморфология негіздерімен», «Жердің дамуы және географиялық заңдылықтар», «ТАК жүйелі талдау», «Ландшафтық жоспарлау».

Жетістіктері: 60-тан астам ғылыми мақалалардың және 3 оқу құралының авторы.

Біліктілікті арттыру (соңғы 5 жыл) қазіргі географиялық білім берудің өзекті мәселелері бағдарламасы аясында (Жоғары мектеп педагогикасының өзекті мәселелері (Абай атындағы ҚазҰПУ); (ЖОО оқытудың интербелсенді әдістемесін қолдану (Абай атындағы ҚазҰПУ); (Қазақстан Республикасының педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру («Өрлеу» «Біліктілікті АрттыруҰлттық Орталығы»);  «Мектептегі географиялық білім берудің заманауи бағыттарын жаңғырту. Мектептегі географияны оқыту әдісіне қатысты жалпы мәселелер» (А. И. Герцен атындағы РМПУ); «Орталық Азияны тұрақты дамытудың табиғи аспектілері» (Қырғызстан); Ағылшын тілін оқыту курсы (ҚР БҒМ).

Ғылыми қызығушылық тақырыбы: геология и неотектоника, Қазақстан географиясы.

 


← Кері оралу