қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Нүптекеева Гүлназ Байқонаққызы

Нүптекеева Гүлназ Байқонаққызы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ: 1979 жылы 24 шілдеде Алматы облысы, Кеген ауданында дүниеге келген.1985-1996 жылдары орта мектепте білімалды. 1997-2001 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология факультетінде оқыды. 2001-2003 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология факультетінің лингвистика (қазақ тілін оқыту әдістемесі) мамандығы бойынша магистратура бітірді.

2003-2013 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология факультетінің Практикалық тілдер кафедрасында аға оқытушылық қызмет атқарды.

2013-2017 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология және көптілді білім беру институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2017 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 6D011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына докторантураға түсіп, 2020 жылы аяқтады. Қазіргі уақытта академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында аға оқытушылық қызмет атқарады.

 

БІЛІМІ:

Оқумекемесі

Біліктілігі

Бітіру күні

 

Абай атындағы АлМУ

бакалавр

2001

Абай атындағы АлМУ

магистратура

2003

Абай атындағы ҚазҰПУ

докторантура

2020

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылымидәрежесініңатауы

Ғылымиоблысы

Диплом берілгенкүні

Лингвистика магистрі

Қазақ тілін оқыту әдістемесі

2003

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері):

Бакалавриатта: Функционалды сауаттылықты дамыту әдістемесі, Қазақ тілінің синтаксисі, Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде қазақ тілін оқыту технологиясы, Қазақ тілінің морфологиясы, Қазақ тілінің сөзжасамы, морфологиясы.

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ:

Оқу құралдары: 1. Қазақ тілі бойынша тест тапсырмаларының жинағы (Орыс тілді аудитория студенттері үшін) Печ Оқу-әдістемелік құрал. «КИЦОО» баспаханасы. Алматы, 2007. 112 б. 7 б.т. (авторлар бірлестігі). 2. Қазақ тілі. Қазақ тілінің курсы бағдарламасы бойынша деңгейлік-тақырыптық сабақ жоспарларының үлгілері (6 кредиттік иннрвациялық технологияға негізделген Печ «Әрекет-Принт» баспаханасы. Оқу құралы. -Алматы, 2009. 197 бет. 12,25 б.т. (авторлар бірлестігі)жоғары оқу орындарының өзгетілді аудиторияларына арналған). 3. Кәсіби қазақ тілі (Жоғары оқу орындарының көркем-сурет факультетінің өзгетілді аудитория студенттеріне арналған) Печ Оқу құралы. -Алматы, 2013ж. 115б. 7 б.т. (авторлар бірлестігі). 4. Кәсіби қазақ тілі (ЖОО бастапқы әскери дайындық мамандығы үшін) Печ Оқу құралы. -Алматы, 2013ж. (авторлар бірлестігі)

Кәсіби тілді меңгертудегі жаңа технологиялардың тиімділігі, қазақ тілін оқыту әдістемесінің мәселелері, сатылай кешенді оқыту технологиясымен оқытудың тиімділігі бағытында 30-ға жуық мақала ғылыми басылымдарда жарияланған.

 

МАРАПАТТАРЫ:

Абай атындағы ҚазҰПУ, «Құрмет грамотасы» 2016ж.

Абай атындағы ҚазҰПУ, «Үздік ұстаз» төсбелгісі 2016ж.

 


← Кері оралу