қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Тамаев Алпысбай Тамайұлы

Тамаев Алпысбай Тамайұлы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ

Ақтөбе  облысының  Шалқар ауданында  дүниеге келген.   Шалқар қаласындағы 1-мектепті бітірген.  Абай  атындағы  Қазақ  педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.  Ауыл мектебінде мұғалім кейіннен Ы. Алтынсарин атындағы  педагогика ғылымдары  ғылыми-зерттеу институтында  ғылыми қызметкер болып  жұмыс істеді. Абай атындағы КазПИ-дің аспирантурасын бітірді. 1994 жылдан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетініің Академик С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында қызмет етеді.  1995 жылы  «Әдебиет сабақтарында  жоғарғы сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру» тақырыбында  кандидаттық диссертация қорғады. Педагогика  ғылымдарының кандидаты. 68  ғылыми-теориялық және әдістемелік, 16 ғылыми-көпшілік сипаттағы мақалалары жарияланған.

Ғылыми және оқытушылық қызметті біріктіреді.

 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күні

 

Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты

оқытушы

1986

Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты

аспирант

1994

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Педагогика  ғылымдарының кандидаты

Әдебиет  теориясы мен әдістемесі

1995

 

ҒЫЛЫМИ  АТАҒЫ

Ғылыми атағы

Марапаттау күні

 

Аға оқытушы

1995

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша  даярлық  деңгейлері)

Бакалавриатта: «Ауыз әдебиеті»,  «Әдебиеттануға кіріспе»,  «Әдебиет теориясы»,  «Әдеби  сын тарихы»;

Магистратурада:  «Көркем  шығармадағы  психологизм»,  «Фольклор  теориясы»,  «Әдеби  сын теориясы»;

Докторантурада: «Фольклор  теориясы  және  әдеби  дәстүр», «Қазақ әдебиетіндегі модернизм және  постмодернизм».

 

ҒЫЛЫМИ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ :

Жоғарғы мектеп пен жалпы білім беретін мектептерде әдебиетті оқыту мен зерттеудің өзекті мәселелері: «Қазақ фольклористикасы» (Жоғарғы оқу орны студенттеріне арналған оқулық-хрестоматия Алматы,2007; 238 бет.Авт. бірлестікте), «Тәуелсіз Қазақстанның жаңа әдебиеті» оқу құралы (Монография. Авт. ұжым; Алматы, 2011; 288 бет), «Сұлтанмахмұт Торыайғыров" (Тұлғалық энциклопедия; Павлодар,2010; 484 бет. Авт. ұжым), «Мәшһүр Жүсіп Көпеев» (Тұлғалық энциклопедия; Павлодар, 2010; 704 бет. Авт. ұжым) тағы да басқа оқу құралдары, жоғарғы оқу орнының филология факультеттеріне арналған 5 типтік бағдарламасы, 80-нен астам ғылыми, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-көпшілік сипаттағы мақалалары жарық көрген.

 

 МАРАПАТТАРЫ:

«Абай  атындағы ҚазҰПУ-дың  90 жылдығы» төсбелгісімен және филология және көптілді білім беру институтының, Алматы қаласы білім басқармасының, аудандық білім бөлімдерінің, жалпы білім беретін мектептердің мақтау қағаздарымен марапатталған.

 


← Кері оралу