қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Қазақбаева Данагүл Мұқажанқызы

Қазақбаева Данагүл Мұқажанқызы

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ

Талдықорған облысы, Гвардия ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген. 1978 жылы І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтының физика-математика факультетін үздік бітірген соң, физика пәнінің мұғалiмi (6 жыл),  КСРО педагогикалық ғылымдар академиясы Оқытудың мазмұны мен әдiстерi ғылыми-зерттеу институтының Қазақ филиалында ҒҚ, АҒҚ, ЖҒҚ (1984-92 жж.),  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық бiлiм беру академиясында ЖҒҚ, Бағдарлы мектеп және қашықтықтан оқыту зертханасының меңгерушісі, Орта жалпы білім беру институтының директоры (1992-2006 жж.) болып қызмет атқарды. 2006-2009 жылдар аралығында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының докторанты болды. 2012 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры. Жалпы ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі - 45 жыл.

 

БІЛІМІ

Квалификациясы

Аяқтау мерзімі

І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институты, физика-математика факультеті, үздік дипломмен

физика пәнінің мұғалімі

1978 ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәреженің атауы

Ғылым саласы

Дипломның берілген күні

Педагогика ғылымдарының кандидаты

13.00.02 - Физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі (Жалпы білім беретін негізгі мектептің физика курсының базалық мазмұны және оны оқытудың әдістемесі)

25.02.1998 ж

Педагогика ғылымдарының докторы

13.00.01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика (Мектепте жаратылыс-ғылыми білім беруді дамытудың теориясы мен практикасы)

11.04.2012 ж.

 

ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ

Ғылыми атақтың атауы

Берілген күні

Педагогика мамандығы бойынша доцент

28.04.2000 ж

Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік корреспондент-мүшесі

19.12.2019 ж

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ 

«7М05302 - Физика» мамандығы бойынша магистратурада:

1) Оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі;

2) Методы организации учебно-методической и научно-исследовательной работы.

«6В05302 - Физика» мамандығы бойынша бакалавриатта:

1) Нанотехнология негіздері;

«6В01515 - География» мамандығы бойынша:

1) Геофизика.

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ - зерттеу тақырыптары, жарияланымдар саны 

- Мектепте жаратылыс-ғылыми білім беруді дамытудың теориясы мен практикасы. Монография. - Алматы: Издательство «Улагат» КазНПУ им. Абая, 2014, 256 с.

- Систематизация технологий обучения для реализации деятельностно-компетентностного подхода. - Педагогические науки. Москва, 2010, №1 (40), С.14-17

- Конструирование содержания естественнонаучного образования в условиях профильного обучения. Designing the content of natural science education in terms of specialized training. - Asian Journal of Scientific and Educational Research, "Seoul National University Press", 2015, № 1(9). (размещена в Scopus)

- Проектирование ожидаемых результатов обучения по образовательной области "Естествознание". - Вестник МГОУ (Московский государственный областной университет), № 2. - 2015 г. (РИНЦ, ИФ-0,004)

- Methodological principles for the development of scientific literacy. - Вестник Карагандинского университета, Серия «Педагогика». № 1(109). - 2023 г. - С.14-23.

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ - зерттеу тақырыптары, жарияланымдар саны

200-ге жуық еңбектің авторы, оның ішінде:

- Физика: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық - Алматы, «Мектеп», 2019,  - 264 б. ISBN 978-601-07-1092-4

- Физика: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық - Алматы, «Мектеп», 2019,  - 216 б. ISBN 978-601-07-1150-1

- Физика. Учебник для 10 кл. обществ.-гуманит. направления общеобразоват. шк. - Алматы, «Мектеп», 2019,  -216 б. ISBN 978-601-07-1115-0

- Физика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. 1-бөлім. - Алматы, «Мектеп», 2019, 280 б. ISBN 978-601-07-1152-5

- Физика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. 2-бөлім. - Алматы, «Мектеп», 2019, 200 б. ISBN 978-601-07-1153-2

- Физика. Учебник для 10 кл. естеств.-матем. направления общеобразоват. шк. Часть 1. - Алматы, «Мектеп», 2019,  -280 б. ISBN 978-601-07-1113-6

- Физика. Учебник для 10 кл. естеств.-матем. направления общеобразоват. шк. Часть 2. -  Алматы, «Мектеп», 2019,  -200 б. ISBN 978-601-07-1114-3

 

МАРАПАТТАРЫ

Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Құрмет грамоталары (1996, 2003 ж.)
«Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі (1997 ж.)

«Ы.Алтынсарин» төсбелгісі (2006 ж.)

«Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының дамуына қосқан үлесі үшін» медалі (2019 ж.)

 

 

 

 

 


← Кері оралу