Біз туралы | Главная /
Қуанәлі Майра Айтқожақызы
Қуанәлі Майра Айтқожақызы
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ Қуанәлі Майра Айтқожақызы 1999 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Психология» мамандығы бойынша бітіріп, 2001 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шифры 520950 - «Психология» даярлау бағыты жалпы психология мамандандыру мамандығы бойынша түсіп, оны 2003 жылы «Үздік психология магистрі» академиялық дәрежесімен бітірді. Сонымен қатар 29.12.2023 жылы «Туран» университетінің «Психология» мамандығы бойынша докторнатураға түсті. 2003 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ "Жалпы және қолданбалы» психология" кафедрасына оқытушы қызметіне қабылданды. 2007 жылдан қазіргі уақытқа дейін Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарады. Жалпы ғылыми-педагогикалық еңбек өтілімі: 21 жыл. Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс тілдерін жақсы біледі және ағылшын тілінің А1 деңгейін меңгерген. Ғылыми қызығушылығы: Жалпы психология, кикілжің психологиясы, психодиагностика негіздері, практикалық психология, балалар психологиясы, психологиядағы математикалық статистика, психологиялық кеңес беру негіздері. Қуанәлі М. А. өзінің ғылыми-теориялық деңгейін үнемі арттырып, педагогикалық шеберлігін жетілдіріп отырады. Біліктілікті арттыру курстарына бірнеше рет қатысты. Қазіргі уақытта Қуанәлі Майра Айтқожақызының 40-тан астам ғылыми-әдістемелік еңбектері жарық көрді, оның ішінде 1-монография, 1 - импакт-факторы бар мақала (2006), 2-оқу құралы.
БІЛІМІ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (даярлау деңгейі бойынша тізімі) Бакалавриат: Психология (Модуль), Білім берудегі психология.
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ - зерттеу тақырыбы, жарияланымдар саны (5 маңызды жарияланымды атап көрсету). Зерттеу тақырыбы: . «Жоғары оқу орнындағы педагогикалық кикілжіңдерді дәстүрлі мәдениет тәсілдері арқылы шешудің психологиялық ерекшеліктері». 1. Абишева Э.Д., Қуанәлі. Болашақ психологтардың кәсіби маңызды және жеке тұлғалық сапасы. // Психология сериясы №1(54),2018. -Б.190 - 193 Абай атындағы ҚазҰПУ. https://www.kaznpu.kz/docs/vestnik/seria_psychology_/1_2018.pdf 2. Абишева Э.Д., Қуанәлі Жекелеп оқыту-бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой қабілеттерін қалыптастыру құралы ретінде // Психология сериясы №1(54),2018. -Б.187 - 190. Абай атындағы ҚазҰПУ. https://www.kaznpu.kz/docs/vestnik/seria_psychology_/1_2018.pdf 3. Тусубекова К.К., Қуанәлі М.А.Психологиялық пәндерді оқыту үрдісінде белсенді әдістерді қолданудың тәсілдері. // Хабаршы. Психология сериясы №1(57)2018. -Б.183 - 186 .https://bulletin-pedagogy.kaznpu.kz/index.php/ped/issue/view/43 4. Қуанәлі М.А. Өзін-өзі танытатын жеке адамның шиеленісті жағдайларды шешу ерекшеліктері.// Хабаршы « Психология» Абай атындағы ҚазҰПУ сериясы №3, 2019 қыркүйек. - Б. 38-42 бб. Абай атындағы ҚазҰПУ https://bulletin- pedagogy.kaznpu.kz/index.php/ped/issue/view/49 5. Жунисова Ж.К., Қуанали М. А., Тукебаева С. А. Жоғары білім беруді цифрландыру жағдайында оқытушының кәсіби қызметінің психологиялық ерекшеліктері. Хабаршы-Хабаршы. "Психология" сериясы. Алматы қаласы: Абай атындағы ҚазҰПУ.- Том 75 № 2 (2023). -134-143 бб . ISSN 1728-7847 https://bulletin-psychology.kaznpu.kz/index.php/ped/issue/current
МАРАПАТТАРЫ 1.Абай атындағы ҚазҰПУ ПжПИ ректоры атынан «Алғыс хат» (2012, 2013 ж.ж.) «Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры атынан «Үздік тәрбие жетекшісі» төс белгісі және «Мақтау қағазымен» марапатталуы (2013 ж.). 2.Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылыми жұмыс бойынша проректорынан (2014, 2015 ж.ж.). Алғыс хат ғылыми жетекшіліке үлес қосқаны үшін Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым Департаментінің директоры және ПжПИ директоры атынан (2017 ж.ж.)
← Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|