қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Амирова Амина Слямхановна

Амирова Амина Слямхановна

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯН

Амирова Амина Слямхановна  1957 жылы  21  қарашада Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.  1976 жылы Қызылорда педагогикалық училищесін, 1987 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының «Педагогика-психология (мектепке дейінгі)» мамандығын  үздік бітірген. 1989-1992 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу педагогикалық институтына аспирантурада оқыды.

ШҚО, Тарбағатай ауданы, бастауыш сынып мұғалімі, Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу педагогикалық институты,аға ғылыми қызметкер, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтында1997-2000 жж. «Психология және мектепке  дейінгі педагогика» кафедрасының  меңгерушісі,  2000-2003 жылдарда «Мектепке дейінгі, бастауыш және музыкалық білім» факультетінің деканы, 2010 жылдан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры қызметін атқарады.

Кандидаттық диссертациясын 1993 жылы «Ересектер тобындағы балаларды қазақ балалар әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу», докторлық диссертациясын 2009 жылы «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру» атты тақырыпта қорғады.Педагогика саласы бойынша 5 монография, 10 оқу құралы, 5 оқулық,  электрондық оқулық, педагогикалық сөздік, 200 -ден аса ғылыми мақалалар, мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш сыныптардың оқу-әдістемелік кешендері,жаңартылған білім беру мазмұнының 2-4 сыныптардың  «Қазақ тілі»  дәптерлерінің авторларының бірі.

 

БІЛІМІ

Білім беру ұйымы

Біліктілігі

Бітірген мерзімі

Қазақ мемелекеттік қыздар педагогикалық институты

Педагогика және психология (мектепке дейінгі)

         1987 г.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәреженің атауы

Ғылым саласы

Дипломның берілген күні

Доктор педагогических наук

ҒД  № 0000845

        Педагогика

2009 жыл

25 қараша

№8 хаттама

 

ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ

Ғылыми атақтың атауы

Берілген күні

Профессор

ПР №0000772

2011жыл

13 желтоқсан 

№7 хаттама

 

ДӘРІС БЕРЕТІН ПӘНДЕР (дайындық деңгейіне қарай)

«Бастауыш мектеп педагогикасы мен ғылымының өзекті мәселелері» (магистратура)

«Бастауыш білім беру сапасын бағалаудың халықаралық жүйесі» (магистратура)

«Менеджмент» (магистратура)

«Қазіргі кезеңде бастауыш білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздері» (докторантура)

 

ҒЫЛЫМИ БАҒЫТЫ - тақырыптық зерттеу, жарияланымның саны

(маңызды - 5  көрсету)

 

Оқушы шығармашылығының теориясы мен практикасы (монография)

Шығармашылық -  жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде  мамандардың  кәсіби    құзыреттілігінің   негізі ретінде. - АПН Хабаршы №3

«Тайм-менеджмент» технологиясы негізінде студенттердің оқу әрекеттерінде өзін өзі ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру (скопус)

Үздіксіз білім беру - болашақ мамандарды сапалы даярлаудың кепілі - ЕАПУ форумы II том. -Алматы,  2018. 4-5 қазан

Коммуникативтік дағдыларды қалыптастырудың теориялық аспектілері. - 2019 БҚО Орал Хабаршы №4

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК БАҒЫТЫ - зерттеу тақырыбы, жарияланым саны - 5

Дидактика (оқу құралы)  - Алматы, 2017.  -  268 б.

Дидактика (электрондық оқулық) - Алматы, 2017.  -  30мг.

Ғылым мен бастауыш білімнің қазіргі мәселелері (оқу құралы). -Алматы,  2017. - 380 б.

«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі: педагогикалық  және тіл мамандықтардың студенттеріне арналған дәрістер (қазақ, орыс, ағылшын тілінде) - Алматы, 2019. - 239 б.

 Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу пәнінен шығармашылық тапсырмалар.- Шымкент, 2020. - 206 бет. 

 

МАРАПАТЫ:

Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2007, 2019 жж.                       

Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері

Қазақстан республикасы білім беру ісінің үздігі 

 


← Кері оралу