қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Ускенбаева Рауза Мүтәліпқызы

Ускенбаева Рауза Мүтәліпқызы

Ускенбаева Рауза Мүтәліпқызы 1982 жылы Алматы облысына қарасты Сүмбе ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Қазақстан Респбликасының азаматы. 2004 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті қазақ филологиясы факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіріп, филолог-оқытушы біліктілігін алған . Еңбек жолын Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті Қазақ тілі кафедрасында бастаған. Аталған оқу орнында 2005 жылдың 03-ші қаңтарынан бері жұмыс істейді. Жалпы еңбек өтілі - 8 жыл. Соның ішінде ҚазҰТУ-дағы еңбек өтілі - 8 жыл. Қазіргі уақытта Қазақ Қыздар педагогикалық университеті 6В012100 - қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс магистранты. Жалпы ғылыми еңбектерінің саны - 12. Соның ішінде СОӘК - 2. Ғылыми мақалалар -10. Университет, институтішілік іс-шараларға тұрақты тұрде, белсенді ат салысып тұрады. Біліктілігін көтеру мақсатында мақсатында 4-тен астам сертификаттардың ға иегері.

Мақалалардың аттары:

1. Мемлекеттік тілді оқытуда ақпараттық технологияларды ұтымды қолдану. ҚазҰТУ-Қазақ тілі кафедрасының 20 жылдығы конференциясы. 9-10 қараша 2011 ж.

2. Модульдік оқытудың тиімділігі. Исаев оқулары. 2012 жыл.

3. Білім беру саласында модульдік оқытуды енгізудің тиімділігі.

4. Модульдік оқыту технологиясының тиімділігін интерактивті құрылғылардың көмегімен жүзеге асыру. Жоғарыда аталған екі мақала А. Машани мұралары-конференциясы жинағында 2012 жылдың 23-ші қарашасында жарық көрген

5. Мемлекеттік тілді қашықтан оқыту мәселесі жайында/ Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. 01.01.2013 6. Тілді модуль арқылы үйретуде ақпараттық технологияларға негізделген құралдарды ұтымды қолдану/ Поиск-Ізденіс. №4(3) 2012

7. On the issue of multilevel teaching of the state language /Түрік мемлекеті Стамбұл қаласы Мимар синан университеті

8. Қазақ тілін модульдік технология арқылы оқытуда СӨЖ-ді ұйымдастыру/ Түрік мемлекеті Ниде қаласы


← Кері оралу