қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Әлімбекова Гүлшахан Бершінбекқызы

Әлімбекова Гүлшахан Бершінбекқызы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ

Алматы облысы, Райымбек ауданы Сарыбастау аулында 1950 жылы дүниеге келдім. 1969 жылы Райымбек ауданындағы мектепті, 1975 жылы Қазақ  Мемлекеттік  қыздар педагогикалық институтының, физика-математика факультеті «Физика» мамандығын  бітірдім.

1975-1981 жылдыры  Алматыда орта мектепте физика-математика  пәндерінен сабақ бердім.

Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық педагогикалық университетінде 1982 - 2020 жылдар аралығында «Физика-математика және информатика» институтында  оқытушы-профессор қызметін атқарып келемін.

Ғылыми жұмыстарының бағыты:  Жоғары оқу орнында және мектепте физиканы оқытудың әдістемесін жетілдіру. 380-нен астам жарияланған ғылыми еңбектері. Оның ішінде: 1 монография, 3 Оқулық, 6 оқу құралдары 15  Әдістемелік және электрондық оқу құралдары бар. Ғылыми және оқытушылық қызметті біріктіреді. 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күні

 

Қазақтың  мемлекеттік қыздар педагогикалық институты 

Физик. Оқытушы

1975

 

 

 

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Педагогика  ғылымдарының кандидаты

Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі  (физика)

1998

Педагогика  ғылымдарының

докторы

Кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесі (Физика)

2009

 

ҒЫЛЫМИ  АТАҒЫ

Ғылыми атағы

Марапаттау күні

Доцент

2002

Профессор

2007

Халықаралық ғылым  академиясының корреспондент мүшесі

2019

Халықаралық ғылым  академиясының академигі

2020

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері)

Магистратурада: Физиканың пәнаралық байланыстары, Жоғары және орта мектептегі физикалық білімнің әдістемелік негіздері. Қазіргі физиканың өзекті мәселелері, Физика есептерін шығаруда іргелі ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі.

Докторантурада: Физикалық ұғымдарды қалыптастыруда пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың әдістемесі, Физиканы оқыту әдіснамасы мен қазіргі ғылыми және ақпарттық технологиялар, Ғылыми зерттеудің әдіснамасы және физиканы оқыту әдістемесі.

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Ғылыми жұмыстарының бағыты:  Жоғары оқу орнында және мектепте физиканы оқытудың әдістемесін жетілдіру. 380-нен астам жарияланған ғылыми еңбектері. Оның ішінде: 1 монография, 3 Оқулық, 6 оқу құралдары 15  Әдістемелік оқу құралы және 2 электрондық оқу құралдары бар. Ғылыми және оқытушылық қызметті біріктіреді. 

Импакт-факторы бар журналдарда жарияланған мақалалар тізімі:

1. Проектирование ожидаемых результатов обучения по образовательной области «Естествознание». Вестник МГОУ (Мо-ковский государственный областной университет).Серия: Педагогика.№2,2015г. (Инпак фактор).

2. «Methodology of Projection of Wave Functions of Light Nuclei on Cluster Channels on the Example of Quantum 11B{-7Li}-System». Received: February №7,2017; Published: February 24, 2017  (Скопс..)

3.  Особенности организации STEM - образования. Қырғыз республика-сы. Известия ВУЗ-ов Кыргызстана. №4. 2018. Импакт-фактор РИНЦ. 2017, ISSN 1694-7681.

4. Взаимодействие между средними школами и высшими учебными заведениями в обучении физики. Қырғыз республика-сы.Известия ВУЗов Кыргызстана. 2018. №4. Импакт-фактор РИНЦ. 2017, ISSN 1694-7681.

5. Применение инновационных  технологии в физике. Қырғыз республика-сы.Известия ВУЗов Кыргызстана. 2018. №4. Импакт-фактор РИНЦ. 2017, ISSN 1694-7681.

6. Жоғары оқу орындары- ында медициналық биофизика ұғымдарын тиімді меңгеру жолдары. ҚазҰПУ, «Хабаршы», Педагогика ғылымдары сериясы. - Алматы, № 4. 2018.

7. Деңгейлеп оқыту техно-логиясының негізгі бағыттары мен ерекшеліктері. КазҰПУ. Хабаршы «Физика-математика ғылымдары» сериясы. -Алматы, №1.. 2018.

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ

Физикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі, Физиканы оқыту әдістемесі, Физиканы оқытуда ұғымдарды қалыптастыру,. Мектепте және ЖОО-да бейіндік оқыту мәселелері бойынша жұмыс жасаймын. 380-ден астам жарияланған ғылыми еңбектерім бар.

1. Жоғары мектепте оқыту үдерісін ұйымдастырудың ғылыми негіздері. Оқулық.  ҚР БҒМ РОӘК-нің грифімен баспаға ұсынылған. ҚазҰПУ-нің «Ұлағат» баспасы.-Алматы, 2015. -372 б.

2. Кәсіптік оқытудың технологиясы мен әдістемесі. Оқу құралы.  ҚазҰПУ-нің «Ұлағат» баспасы.

 - Алматы, 2016. -368 б.

3. Физика пәні мұғалімдерінің кәсіби даярлығын  жетілдіруге арналған оқу құралы. Нур-Принт баспасы, - Алматы, 2019. -252 б.

4. Эксперименттік есептерді шығару жолдары мен оқыту әдістемесі. Оқу  құралы. Нур-Принт баспасы, - Алматы, 2019. - 300 б.

5. Болашақ мұғалімдердің теориялық және әдістемелік даярлық деңгейін жетілдіруге арналған оқу құралы.  Оқу  құралы. Нур-Принт баспасы, - Алматы, 2019. -206 б.

6. Физика есептері мен тест тапсырмаларын шығару әдістері.  І-бөлім. Механика және молекулалық физика. Әдістемелікоқу құралы.«Нур-Принт» баспасы, - Алматы,  2019. - 201 б.

7. Физика есептері мен тест тапсырмаларын шығару әдістері. 2 - бө-лім. Электр және магнетизм  Оптика. Тербелістер мен тол қындар. Фотоэффект. Атомдық және кванттық физика. Әдістемелік оқу құралы. «Нур-Принт» баспасы,  - Алматы,  2019. - 241 б.

8. Физиканы оқыту әдістемесі (Ағылшын тілінде). Әдістемелік оқу құралы. ҚазҰПУ, «Ұлағат» баспасы, - Алматы, 2020. - 200 б.

9. Жалпы  физика  курсын   оқыту  әдістемесі.  Электрондық оқулық. Абай атындағы ҚазҰПУ.    -  Алматы, 2019. .

10. Болашақ физика мұғалімінің кәсіби даярлығын  ғылыми ұғымдар жүйесін қалыптасты-ру негізінде жетілдіру. Монография. Алматы, КазНПУ, из-во «Ұлағат». 2014. - 340 с.

 

МАРАПАТТАРЫ

1. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеттің  80-жылдық мерекесінде (2008) «Үздік ұстаз» төсбелгісімен;

2.  (2016 ж.) Республикалық  «Өрлеу» білім-ғылым және технология институтының «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен; 

3. (2019 ж.) «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен және Құрмет грамоталарымен марапатталған.

4. (2019 ж.  « Мать защитника отечества»  медалімен Қазақстан Республикасы, «Оңтүстік» Ұлттық гвардиясы марапаттады. 

 


← Кері оралу