Біз туралы | ![]() Қосанов Бағдат Мақұлбекұлы
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯН 1958 жылы Жетісу облысы Сарқан ауданы Үлгі ауылында дүниеге келдім. 1974 жылы М.Төлебаев атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің физика-математика факультетіне түсіп, 1978 жылы аталмыш оқу орнын ойдағыдай бітірдім. 1978-1989 жж. Жетісу облысының мектептерінде математика және физика пәндерінің мұғалімі, интернат меңгерушісі, директордың оқу-тәрбие жұмыстары бойынша орынбасар, 1989-1990 жж. Алматы қаласындағы О.Жәутіков атындағы Республикалық физика-математика мектебінде мұғалім болып істедім. 1990-2016 жж. Абай атындағы ҚазҰПУ Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі және Психология-педагогика факультеттерінде, Магистратура және PhD институтында аға оқытушы, доцент м.а., доцент және кафедра меңгерушісі қызметтерін атқардым. 1997 жылы кандидаттық диссертация қорғадым, 2000 жылы доцент ғылыми атағы берілді. 2016-17 оқу жылынан бастап, Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика факультетінің Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры лауазымында жұмыс атқарамын.
БІЛІМ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ Бакалавриатта: Элементарлық математика (геометрия), Математиканы оқыту әдістемесі, Математика тарихы. Магистратурада: Математиканы оқыту әдістемесінің тарихы, Педагогикалық эксперимент нәтижелерін өңдеудің математикалық әдістері, Математикадан экстремумға берілген есептерді шешу әдістері, Теоретические основы обучения решению математических задач в средней школе.
ҒЫЛЫМИ -ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ Ғылыми-зерттеу жұмысының бағыттары: «Математика тарихы», «Қазақстанда математикалық білім берудің тарихы» және «Педагогикалық эксперимент нәтижелерін статистикалық-математикалық өңдеу әдістері». 266 ғылыми мақалалардың, 2 монографияның, 10 учебников и оқулықтың және оқу үдерісінде қолданыс тапқан 40 оқу құралының авторымын. Маңызды ғылыми мақалалар: - Алаш қайраткері Телжан Шонанұлының әдістемелік-математикалық мұралары. Материалы международной научно-практической интернет-конференции «Тенденции и перспективы развития науки и образования в условиях глобализации», 44 -шығарылым, Переяслав-Хмельницкий қаласы (Украина), 28 .02. 2019., 321-324 беттер. - Орталық Азияның IX-XV ғасырлардағы ұлы математиктері. «Актуальные научные исследования в современном мире», №4(48), I бөлім, Переяслав-Хмельницкий қаласы (Украина), 2019, 126-133 бб. - Тригонометриялық өрнектерді ықшамдаумен байланысты тест тапсырмаларын орындаудың стандартты емес әдістері. «Алгорифм», №1 (126), Алматы қаласы, 2019, 9-12 бб. - Қоспаға оның компоненттерінің бірі қосылатын концентрация есептері. «ХАБАРШЫ-ВЕСТНИК-BULLETIN», Физика-математика ғылымдары сериясы, №1(65) 2019, Алматы қаласы, 66-70 бб. - Қ.Сәтбайұлының «Алгебра» оқулығы. «GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2019: СENTRAL ASIA» атты IV халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы, V том, 21.01.2019, Астана қаласы, 172-173 бб. - Математикалық статистика бастамаларына арналған ана тіліндегі алғашқы оқу құралы. «Математикалық білім: жағдайы, мәселелері, болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, 14.03. 2019., Ақтөбе қаласы, 79-83 бб. -Академик К.И.Сатпаев и его «Алгебра». Материалы V международной заочной научной конференции «Актуальные проблемы обучения математике и информатике в школе и вузе» (МПГУ,Россия), 18-22.12.2019. c.438-443. - Modern State of Teaching of Probably Theory and Mathematical Statistics in Schools Republic of Kazakhstan. SCOPUS. 16 бет. -«Problems of modern education» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, 10-11.09. 2019., Прага қаласы,Чехия, 70-80 бб. - Қоспадан оның компоненттерінің бірі айырылатын концентрация есептері. «ХАБАРШЫ-ВЕСТНИК-BULLETIN», Физика-математика ғылымдары сериясы, №3(67) 2019, Алматы қаласы, 49-53 бб. -«Әбжад есебі» - қазақ ұлттық математикалық мәдениетінің алтын қазынасы. «ХАБАРШЫ-ВЕСТНИК-BULLETIN», Физика-математика ғылымдары сериясы, №4(68) 2019,Алматы қаласы, 59 -65 бб. - О развитии мышления учащихся при решении тригонометрических уравнений и неравенств в школьном курсе алгебры. «ХАБАРШЫ-ВЕСТНИК-BULLETIN», Физика-математика ғылымдары сериясы, №1(69) 2020, Алматы қаласы,138 -143 бб. - Яссауи заманындағы мұсылмандық мектептерде математиканы оқытудың тәжірибесі. «Қ.Яссауидың туғанына 930 жыл: Тарихи тағлым қазіргі білім мен тәрбие кеңістігінде» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Алматы, 26.01.2024. 784-791 бб. Монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдары: - «Ана тіліндегі алғашқы математика оқулықтары» - Алматы: «Мерей» баспасы, 2015.- 500 б. - «Қазақстандағы математиканы оқыту әдістемесінің қалыптасуы мен дамуы» (А.Е.Әбілқасымовамен авт. бірл.). ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу құралы.- Алматы: «Мектеп» баспасы, 2018.- 263 б. -«История становления и развитие методики преподавания в Казахстане» (А.Е.Әбілқасымовамен авт. бірл.). ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу құралы. - Алматы: «Мектеп» баспасы, 2020.- 330 б. -«Педагогикалық эксперимент нәтижелерін өңдеудің математикалық әдістері». Республикалық Оқу-Әдістемелік Кеңесінің білім берудің «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің грифі берілген оқу құралы. - Алматы: «Лантар Трейд» баспасы, 2021.- 216 б. -«Қазақстанда математиканы оқыту сабақтастығының қалыптасу тарихы» (А.Е.Әбілқасымовамен авт. бірл.). ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынған оқу құралы.- Алматы: «Мектеп» баспасы, 2023.- 336 б. -«Ғылыми-әдістемелік зерттеулердегі статистикалық-математикалық әдістер». - Алматы: «Kemelkitap» баспасы, 2024.- 216 б.
МАРАПАТТАРЫ «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы» (2017) «Абай атындағы ҚазҰПУ-іне 90 жыл» мерекелік медалі (2018) «Абай атындағы ҚазҰПУ-іне 95 жыл» мерекелік медалі (2023) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2023).
← Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|