қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Нұрмұхамедова Жанар Мұратқызы

Нұрмұхамедова Жанар Мұратқызы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ 

Қостанай облысы Рудный қаласында дүниеге келдім. № 4 математика оқытуға бағытталған орта мектепті бітіріп, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің бакалавриат және магистратурасында оқыдым.

Магистратураны аяқтағаннан кейін «Математикалық анализ, алгебра жәнетгеометрия» кафедрасында жұмыс істедім.

2013 ж. 6D010900 - Математика мамандығы бойынша PhD докторантураға түсіп, 2016 ж. 6D010900 - Математика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған «Мектепте және педагогикалық жоғары оқу орындарындағы математикалық анализ курсын оқытудың әдістемелік жүйесі» тақырыбындағы диссертациясын қорғадым.

2017 ж. маусым айында 6D010900 - Математика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

2016 ж. қыркүйек айының 1 жұлдызынан осы күнге дейін Математика, физика және информатика институтының математика, физика және информатика оқытудың әдістемесі кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеп жатырмын.

Ғылыми және оқытушылық қызметті қоса атқарып жүрмін.

 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күн

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет

Мұғалім

2006

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет

Магистратура

2008

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет

Докторантура PhD

2016

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Философия докторы (PhD)

6D010900 - Математика

15.06.2017

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері)

Бакалавриатта: Элементарлық математика, Математикалық есептерді шығарудың практикумы, Мектепте математикалық білім берудің  қазіргі заманғы мәселелері, Математиканы оқыту әдістемесі бойынша практикумы - 2 тілде оқытылады.

Магистратурада: Математикада экстремумге берілген қолданбалы есептерді шешу әдістемесі

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ

Мектеп және педагогикалық университетінде математиканы оқытудың мәселелері бойынша жұмыс істейді. 30-дан астам жарияланымдары бар (О роли начал анализа в курсе математики общеобразовательной школы // Вестник КазНПУ имени Абая. Серия «Физико-математические науки», №2 (54). - Алматы, 2016. - С. 51-56; Об организации обучения математике в школе в условиях дифференциации учебного процесса // Педагогика и психология, КазНПУ имени Абая, № 1 (26). - Алматы, 2016. - С. 191-195; Мектептерде және педагогикалық жоғары оқу орындарында математиканы оқытудың кейбір мәселелері // Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы. «Физика-математика ғылымдары» сериясы, №4 (56). - Алматы, 2016. - Б. 85-91; Teaching of Omarov`s and Mealy`s automations for students of natural speсialities // Вестник КазНПУ имени Абая. Серия «Физико-математические науки», №2 (66). - Алматы, 2019. - С. 280-285; О методике обучения решению уравнений и их систем с помощью компьютерной программы Geogebra // Вестник КазНПУ имени Абая. Серия «Физико-математические науки», №1 (69). - Алматы, 2020. - С. 150-155).

Оқу қуралы - Методические основы обучения решению математических задач в школе. Алматы, 2018. - 248 с. (ISBN 978 - 601 - 293 - 965 - 1)

Келесі мақала импакт-факторы бар журналда  жарияланған: "The Turkish Vector" Influence on Teaching the Exact Disciplines in Modern Educational System of Kazakhstan: on the Example of Teaching Algebra and Mathematics//Global Journal of Pure and Applied Mathematics. ISSN 0973-1768. Volume 12, Number 4. - India, 2016. - рр. 3481-3491

 


← Кері оралу