қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Баймолда Досан

Баймолда Досан

 

Қысқаша өмірбаяны

1956 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында туған. 1973 жылы Өлгей қаласындағы қазақ орта мектебін, 1974 жылы Польша елінің Лодзь Университеті жанындағы поляк тілінің дайындық бөлімін, 1974-1980 жылдары Польшаның  Варшава Университеті және М.К.Склодовская атындағы Люблин университеттерінде оқып, 1980 жылы физика ғылымының магистрі атағымен бітірген.

1980-1992 жылдары Ұланбатыр қаласындағы Моңғолия Ғылым Академиясының Физика және Техника,  Химия институтарында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, зертхана жетекшісі қызметтерін атқарды. 1984 жылы Ұланбатыр қаласындағы Саясаттану жоғары мектебін саясаттанушы мамандығы бойынша ал 1986 жылы Моңғолия Ұлттық университетінің ағылшын тілінің екі жылдық арнайы жетілдірмесін бітірген.   1984-1992  жылдары Моңғолияның Ғылым академиясында іске асқан  ЮНЕСКО және МАГАТЭ халықаралық ұйымдарының екі ғылыми   жобасына жетекшілік еткен. Осы жобалардың нәтижесінде Химия институтында физикалық аспаптар көмегімен зерттеу жасайтын екі зертхана құрылды.

1988 жылы Прагадағы Чехословакия Ғылым Академиясының Геология және Геотехника Институтында, 1990 жылы Варшава қаласындағы Польшаның Атом Энергиясы жөніндегі Институтында, 1992 жылы Халықаралық Атом энергетикасы жөніндегі агенттігі (МАГАТЭ)-нің Вена қаласындағы Орталық зертханасында ғылыми жұмыстарын жалғастырған.

1993-1996 жылдары Чехия елінің Прагадағы Техникалық университетінде докторантурада оқып, «Ядролық физиканың - Рентгенфлюресценциялық зерттеу әдісін көмір өндірісінде қолдану» тақырыбы бойынша ағылшын тілінде докторлық диссертация қорғаған.

1996-2002 жылдары Прагадағы «Азат Еуропа/Азаттық» радиосының қазақ редакциясында кеңесші, редактор, 2002-2008 жылдары осы радионың Қазақстан бойынша аға тілшісі болып қызмет атқарды.

2008 жылдан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің журналистика кафедрасында кәсіби пәндер бойынша дәріс оқыды. 2011 жылдың қаңтар айынан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-нің профессоры және журналистика кафедрасының меңгерушісі болып істеді.

2013-2014 жылы ҚР Президентінің «Болашақ» бағдарламасы бойынша Польша елінің Познань қаласындағы Адам Мискевич университетінде 1 жыл, 2015 жылы Германияның Академиялық саладағы  «DAAD» бағдарламасы бойынша Берлин қаласындағы Гумбольдт университетінде 3 ай ғылыми тағылымдамалардан өтті.

2015-2016 жылы Абай атындағы ғылыми зерттеу орталығында аға ғылыми қызметкер, 2017  жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Математика, Физика және Информатика институтының Физика кафедрасының профессоры ретінде докторант, магистрант, бакалавриаттарға  ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде физика пәндері бойынша сабақ береді.

2018 жылы Қазақстанның Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды. 2019 жылы ҚР БжҒ Министрлігінің Білімді бақылау комитетінің шешімімен физика мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алды.

Ядролық физика саласына қатысты ағылшынша, қазақша 3 монографиялық кітаптың, Томсон Рейтерс, Скопус базасына енген ядролық физиканың белді журналдарында 8 ғылыми мақаласы жарияланған. Хирша индексі -2.  ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған ғылыми журналдарда 100 ден астам ғылыми мақалалары және 200-дей танымдық мақалалары жарық көрді. Сондай-ақ шетелдік және республикалық деңгейдегі 80-дей ғылыми-практикалық конференцияарда баяндамалар қойды, мақалалары жинаққа енді. Осы уақытта 3 PhD докторантқа, 30-дай магистрантқа, 60 шақты бакалаврларға ғылыми жетекшілік еткен. 2019/2020 оқу жылында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің барлық оқытушы-профессорлар арасындағы рейтингі бойынша жоғарғы 26-шы орын, Математика, Физика және Информатика институты бойынша 3-орын, Физика кафедрасы бойынша 1-орын иеленді. 2022 жылы наурызда АҚШ тың Нью-Иорк қаласында орналасқан «American Journal of Physics and Applications» (AJPA) ғылыми журналының редакциялық кеңес мүшесі болды. 2022 жылы Қазақстанның Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі болып сайланды.

 

БІЛІМІ:

Білім алған орындар

Білім дәрежесі

Оқыған жылдары

 №1 қазақ орта мектебі. Өлгей қаласы, Моңғолия

    Орта білім

              1963-1973

Лодзь университетінің дайындық факультеті, Лодзь қаласы, Польша

   Жоғары білім (дайындық)

              1973-1974

Варшава университеті, Варшава қаласы, Польша

   Жоғары білім (бакалавриат)

               1974-1977

 М.К. Склодовская атындағы мемлекеттік университет, Люблин, Польша

   Жоғары білім (магистратура)

               1977-1980

Саясаттану Институты. Ұланбатыр қаласы, Моңғолия

    Жоғары білім (саясаттану)

                1981-1984

Чех Техника университеті, Ядролық физика және физикалық инженерия факультеті. Прага қаласы, Чехия

    Жоғары білім

   (докторантура)

               1993-1996

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ:

Ғылыми дәреженің аты

Ғылым саласы

Диплом берген күні

Физика ғылымының магистрі

           Ядролық физика

15.06.1980,

Диплом №4903

Физика ғылымының докторы

           Ядролық физика

30.06.1996, Диплом         №АА0000037

 

ҒЫЛЫМИ АТАҚ:

          Ғылыми атақтың аты

Берілген күн

Физика бойынша қауымдастырылған профессор. ҚР БжҒМ Бақылау комитетінің шешімі бойынша №531 бұйрық.

           04.07.2019

    Диплом №0000704

Қазақстанның Ұлттық Жаратылыстану академиясының корреспондент мүшесі

          17.08.2018

        Диплом №0424

Қазақстанның Ұлттық Жаратылыстану академиясының толық мүшесі (академик)

         30.05.2022

         Диплом № 0471

 

САБАҚ БЕРЕТІН ПӘНДЕР АТЫ:

- Electricity and magnetism

- Electronics

- Nanotechology and nanomaterials

- Mechanics

- Робототехника

- Физика негіздері

- Жылуөткізгіш теориясы

- Электроника негіздері

 

ҒЫЛЫМИ ІС ҚЫЗМЕТІ:

Зерттеу бағыты:  Көмір және басқадай қазба байлықтардағы химиялық элементтер құрамын ядролық физика әдістерін арқылы зерттеу.

Маңызды жарияланымдар

- Baimolda D., Bernasconi, G., Markowicz,A., Haselberger, N., «Trace element XRF analysis of Mongolian coals». Journal of Radioanal. and Nuclear Chem. Vol. 185, 1, 1994. 27-34

- Baimolda D., XRFA in Monitoring Impact of Coal Burning. In: Abstracts of 7th International Symposium on Radiation Physics. Jaipur: IRPS, 1997, vol. 1, p.162-163

- Baimolda.D., Trace element analysis of bulk coal samples The European Conference on Energy Dispersive - X-ray Spectrometry. Budapest, from 30 May to 3 June, 1994

- Baimolda.D.,Musilek L., Cechak T., Wolterbeek H, «XRFA in Monitoring Impact of Coal Burning». Radiation Physical and Chemistry Journal. 1998. no. 4-6, p. 627-628

- Baimolda D., Cechak T.,Yerzhenbek B, Tlebaev K. « Determination of sulphur and ash contents in the coal by X-ray fluorescence method» Ponte-International Multidisciplinary Journal of Sciences and Research, Issue 3, Mar 2019, Volume 75,

- Baimolda D., Halas S., Trembaczewski A. «Determination the isotopic composition of some spring waters in Mongolia» Polish Journal of Science. №24 (2020) VOL. 1

- Baimolda D., Ceсhak T., Kulbek M., Khamraev Sh., Yerzhenbek B. «Investigation of new ceramic materials obtained based on the ash of the Yekibastuz coal by X-ray fluorescence analysis» Polish Journal of Science. №24 (2020) VOL. 1

- Баймолда Д., Көмірдің химиялық құрамын зерттеуде аналитикалық әдістерді қолдану. Хабаршы-Вестник. КазНПУ им Абая. Физика-математика сериясы. --№2(58). 2017. 128-135 бет.

- Baimolda D ., Application of the X-ray fluorescence analysis in the coal industry Хабаршы-Bulletin. КазНПУ им Абая// Физика-математика сериясы. -№2(58). -2017. 125-128 бет.

- Баймолда Д., Томаш Чехак Рентген флуоресценсия зерттеу әдісімен минерал құрамындағы темір және титанды анықтау. Хабаршы-Вестник. КазНПУ им Абая. Физика-математика сериясы. -№1(61). -2018. 143-147 бет

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ІС ҚЫЗМЕТІ:

3 монография және 2 оқу құралы

1. Рентген флуоресценциялық зерттеу әдісін көмір өндірісінде қолдану. 160 бет. Монография. -Павлодар, 2010.

2. Ағылшынша-қазақша-орысша сөздік. 113 бет . - Алматы, 2013.

3. Application of X-ray fluorescence analysys in the coal industry. Monograph. 100 pages -Алматы, 2018

4. Электрониканың физикалық негіздері. Оқу құралы. (ҚР БжҒ министрлігінің Республикалық оқу әдістемелік кеңесінің шешімімен ЖОО арналған). 241 бет. Алматы, 2021

5. Зерттеу жұмысына рентген флуоресценциялық әдісін қолдану/ Application of X0ray fluorescence method for the analysis. Оқу құралы/ Textbook. 143 бет. Алматы, 2022

 

МАРАПАТТАРЫ:

- «Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекелік медалі» (2011ж)

- Моңғолиядағы демократияның 20 жылдығына орай «Азаттық» ордені (2011ж)

- ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» атындағы төс белгісі (2012ж)

- Моңғолияның ғылымы мен біліміне үлес қосқан қайраткер атағымен (2013ж)

- Польша елінің Познань университетінің Адам Мискевич атындағы медалі (2014ж)

- Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Үздік ұстазы» төс белгісімен (2016ж)

- Баян-Өлгей аймағының «Құрметті азаматы» (2016ж)

- Абай атындағы ҚазҰПУ-не 90 жыл» мерекелік медалі (2018ж)

- Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Құрметті қызметкер» төс белгісімен (2020ж)

- «Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекелік медалі» (2021ж)

 

 


← Кері оралу