қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Таспулатова Қалдыгүл Тұрғынбайқызы

Таспулатова Қалдыгүл Тұрғынбайқызы

 

Қысқаша өмірбаяны

Таспулатова Қалдыгүл Тұрғынбайқызы 1970 жылы 26 қаңтарда қазіргі Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Шеңгелді станцисында туылған. Ұлты-қазақ. Сәбит Мұқанов атындағы орта мектепті бітірген.

1990 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің тарих және қоғамдық пәндер мамандығына оқуға түсіп, 1995 жылы бітірген. Оқу кезінде факультеттің студенттік өміріне белсенді қатысуға тырысты. Студент кезінде жастар мен студенттердің бірқатар республикалық форумдарына қатысты.

2014-2016 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде магистратурада оқып білім алып, нәтижесінде тарих мамандығы бойынша магистр атағын алды.

2018-2021 жылдар арасында Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне докторантураға түсіп, 2021 жылы тарих мамандығы бойынша докторантураны бітіріп шықты.

2013 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқытушы болып қызмет атқарады.

Мектеп оқушылары мен студенттерді тарих ғылымы бойынша олимпиадалар мен халықаралық және республикалық деңгейдегі ғылыми жобалар конкурстарына дайындауға белсенді түрде қатысады.

Таспулатова Калдыгуль Турганбаевна оқу ісі мен ғылыми жұмыстарды біліктілікпен ұйымдастырушы, педагог және тәрбиеші.

40 -тан астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектері жарық көрді.

30-ға жуық білімді жетілдіру мақсатында берілген Сертификаттары бар.

2017 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің магистратура бөліміне оқуға түскен. 2019 жылы магистратураны бітіріп, гуманитарлық ғылымдар магистрі ғылыми дәрежесін алды.

2019 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-де, Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасында оқытушылық қызмет атқарады.

 

БІЛІМІ

Білім мекемесі

Квалификация

Бітіру уақыты

Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ

Тарихшы -қоғамдық пәндер

              1995 ж.

Абай атындағы ҚазҰПУ

Тарих ғылымдарының магистрі

2016 ж.

Абай атындағы ҚазҰПУ

PhD докторант

2021 ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Академиялық дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген уақыты

Магистр

Тарих ғылымдар

2016 ж.

PhD докторант

Тарих ғылымдары

           2021 ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Орта ғасырлар тарихы (Батыс)

Ежелгі дүние тарихы.

Ежелгі дүние тарихы: Антика және Шығыс


ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Жастарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің жаңа бағыттары. Ұлы даланың ұлы тұлғалары: «Әжібай Батыр Найманбайұлының тәуелсіздік жолындағы күрескерлік ерлігі мен өнегелі істері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция Алматы 2021ж. 249б.

Рухани жаңғыру - қазақстандық патриотизмнің негізі. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы. №3(62),2019ж. Алматы, 147-151бб.

Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу әдістері. Қазақ тарихы. Ғылыми-әдістемелік жұрнал. №9(176), 2019ж. Алматы, 68-69бб.

VI Global science and innovations 2019:Central Asia. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағы. Нур-Султан, 2019. 106-109бб. «Қазақстандық патриотизм» ұғымының мәні, құрылымы.

Ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің теориялық-әдіснамалық негіздері. Қазақстан тарихындағы тұлғатану мәселелері. Халықаралық-ғылыми-тәжірибелік конференция. Алматы,  2019. 68-73бб.

Қазақстандық патриотизм мемлекет халықтарының ажырамас бөлігі. IV Жахандық ғылым және инновациялар 2019: Орталық азия. Халықаралық-ғылыми практикалық конференция. Астана, 2019. 88-91бб.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлгі. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті. «Жастар және ғылым -2021» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайын коференцияның материалдары. Петропавл 202, 9-сәуір 228-230бб.

Диплом I степени. Национальной научно-практическая конференция. «Наука и практика в решении стратегических и тактических задач устойчивого развитьия России» г. Санк-Петербург. 31.01.2019г. Теоретико-методологические основы патриотического воспитания подрастающего поколения атты мақаласы үшін 1 дәрежелі дипломымен марапатталды.

 


← Кері оралу