қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Қосымова Гүлбану Сейілбекқызы

Қосымова Гүлбану Сейілбекқызы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында мектепті бітірген. Институтты Абай атындағы қазақ педагогикалық институтын 1977 үздік бітірген. Кейін аспирантураны осы институтта сырттай оқып бітіріп, Түркі тілдері мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады, қазақ тілі бойынша докторлық диссертациясын қорғады. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде аға оқытушы, доцент, профессор болып жұмыс істеді. Қазір де академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры болып қызмет атқарады.

200-ден астам жарияланған ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектері бар.

 

Білімі

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күні

Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

1977

Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты

аспирант

1985

 

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Филология ғылымдарының кандидаты

Түркі тілдері

1991

Филология ғылымдарының

докторы

Қазақ тілі

2005

 

Ғылыми атағы

Ғылыми атағы

 

 

Ғылыми облысы

Берілген күні

Доцент

Тіл білімі

1996

Профессор

Тіл білімі

2007

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері)

Магистратурада: 7M01701 -Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері.

7M017- Мәтін лингвистикасы.

Докторантурада:8D017- Акдамеялық жазу. 8D02305- Академиялық жазу.

 

Ғылыми- әдістемелік қызметі:

Г.Қосымованың 200-ге жуық ғылыми-әдістемелік  еңбектері жарық көрді, соның ішінде 7 мақала ағылшын тілінде шетелде жарияланды, 3 мақала-Scopus басылымдарында жарық көрді.  Шетелдерде өзекті тақырыптарда Англия, АҚШ, Греция, Испания, Индия, Қытай, Польша, Ресей, Чехия, Түркия елдерінде Симпозиум, Конгресс, Халықаралық ғылыми конференцияларға  қатысты. Ол шетелдік ғалымдармен бірге жазған- 3 ұжымдық монографияның авторы.

Қосымова Гүлбану - жоғары оқу орнына арналған 7 оқу құралының авторы: Шешендік өнердің негіздері. А., 2018. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 2013. Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері. А., 2015.Тарихи атаулардың этимологиясы.А., 2018. Қазақ тілінің тарихы. А., 2007, т.б. «Жаңартылған білім мазмұны бағдарламасы бойынша» жазылған 5,7 сынып  «Қазақ тілі» және 6, 8, 9,10, 11- сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқулықтары мен мұғалімдерге арналған «Әдістемелік құралдардың» авторы.         

Қосымова Гүлбанудың жетекшілігімен 2 ғылым кандидаты, 4 докторант қорғап, PhD доктор дәрежесіне ие болды.

 

Марапаттары:

Қосымова Гүлбану - Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР «ЖОО-ның Үздік оқытушысы (2007)» грантының иегері,  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Үздік оқытушысы» (2013), «Ғылым мен білімге сіңірген айрықша еңбегі үшін» төс белгісінің иесі (2016), «Ы.Алтынсарин атындағы медальдің» 2017 иесі. 2017 жылы Түркі ұлыстарының YIII  Құрылтайында Туркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоганның «Түркі ұлыстарының тілін дамытуға сіңірген еңбегі үшін» халықаралық марапат иесі.

 


← Кері оралу