қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Нұрман Шолпан Төрегелдіқызы

Нұрман Шолпан Төрегелдіқызы

 

Нұрман Ш.Т. 1988 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде тарих мамандығы бойынша «Тарихшы. Тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы» біліктілігін алып шығады.

1988-1991 жылдары  университет жолдамасымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық  институтында жас маман-оқытушы  болып істейді.

1991-1998 жылдары - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінің стажері, содан кейін аспиранты.

1998-2004 жылдары аспирантураны бітіріп, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері.

2004 жылдан бүгінгі күнге дейін  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институтының аға оқытушысы.

Тарих ғылымдарының кандидаты (2004).

Нұрман Ш.Т. ұзақ жылдар бойы ғылыми жұмыстармен айналысып келеді. Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Ұлыбритания сияқты елдерде өткен халықаралық конференцияларда баяндамалар жасаған. Тарих бойынша әлем ойшылдарының 10 томдығын дайындау жобасына редакциялық алқа мүшесі ретінде  дайындауға қатысты.

Ш. Нұрман республикалық, халықаралық және Ғылым және білім министрлігінің «Ұлттық-мемлекеттік бірегейлік контексіндегі Қазақстандағы ғылыми мектептер», «ХІХ ғ.аяғы-ХХ ғ. Басындағы қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасы» сияқты іргелі және қолданбалы ғылыми жобаларына және халықаралық жобаларға Финляндия мен Дүниежүзілік даму банкінің және ҚР БжҒМ  ұйымдастырған «Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту», Ресеймен «Бауырластар (Побратимы)» деген халықаралық жобасына  қатысады. «Менің ғылымдағы өмірім. Геология. Ғылыми мектептер», «Қоғамдық еңбек феномені», «Қазақстанның тарих ғылымы тарихының очерктері» сияқты ұжымдық монографиялардың, «Айтылған тарих» оқу құралдарының, көптеген ғылыми жарияланымдардың авторы ретіндегі жұмыстары өз алдына бір төбе.

Нұрман Ш.Т. 2013-2014 жж. халықаралық «Болашақ» грантының иегері.

Абай университетіндегі жұмыс жылдары Ш. Нұрман жоғары кәсіби біліктілігін, ғылыми-шығармашылық құзыреттілігін, педагогикалық талантын көрсетті және дамытты. Кафедраның және институттың оқу және оқу-әдістемелік жұмысын жүргізуге тікелей қатысты. Ш. Нұрман 2022 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы РОӘК «Тарих» секциясының төрайымы болып табылады. «Тарих», «Цифрлық тарих», «Жаңа әлеуметтік тарих», «Тарих және қоғамтану», «Тарих және құқық негіздері», «Цифрлық тарих және археология» бакалавриат-магистратура-докторантура Білім беру бағдарламаларының авторлар құрамында жемісті жұмыс жасады.

2021 жылдан бері Алматы қаласы әкімшілігінің жанында құрылған Саяси репрессия құрбандарын ақтау туралы қалалық комиссияда жемісті еңбек етіп келеді.

Магистратура мен бакалавриаттың цифрлық технологияларға қатысты және әлеуметтік тарих пен «жаңа әлеуметтік» тарихтың инновациялық курстарынан дәріс оқиды. Білім беру және тәрбие процестеріне оқытудың жаңа технологиялары мен әдістерін енгізуге атсалысады.

 

БІЛІМІ

Білім мекемесі

Квалификация

Бітіру уақыты

КазМУ, тарих факультет»

Тарихшы. Тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы

1988

Әл-Фараби атындағы КазҰУ

Аспирантура

1998

 

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Академиялық дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген уақыты

Тарих ғылымдарының кандидаты

07.00.02- Отандық тарих (Қазақстан Республикасының тарихы)

2004

 

Жүргізетін пәндері:

Тарих ғылымындағы пәнаралық әдістер, Қазақ қоғамының күнделікті өмір тарихы, Цифрлық тарих: теория және практика, Тарихи жад, Қоғамдық (Public) тарих. 

Ғылыми қызметі: 

Зерттеу тақырыптары

Әлеуметтік-мәдени және кәсіби бірегейлік пен оның практикасы; Қазақстанның күнделікті өмір тарихы; Цифрлық тарих; Тарихи жад; Экотарих.

Жарияланымдары:

1. Айтылған тарих. Учебное пособие. Алматы: «Дәстүр» баспасы, 2015. 240 б. (соавторство)

2. Қоғамдық еңбек феномені. Коллективная монография// 2-тарау. (автор.бірлестікте). Алматы, 2016. - 46-81 бб.

3. Менің ғылымдағы өмірім. Геология. Ғылыми мектептер. Коллективная монография. (соавторство). Алматы., 2019. - 504 б.

4. Жангуттин Б.О., Нұрман Ш.Т., Тілеубаев Б.Ш. Менің ғылымдағы өмірім. Қазақстанның тарих ғылымы тарихының очерктері. Ұжымдық басылым (авторлық бірлікте). Алматы., 2020. - 288 б.

5. Жеке деректердің Қазақстандағы ғылыми мектептерді зерттеудегі ерекшелігі (ХХ ғ.) «Садықов оқулары: Қазіргі таңдағы білім беру мен ғылымның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция. 2018 ж. қыркүйек.

6. «Кеңестік бірегейлікке» бағыт алу: Қазақстандағы тарих оқулықтары мәселесіне// Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысы. «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы. - 2020. - №2.

 

Ғылыми-әдістемелік қызметі:

- Тарих ғылымындағы пәнаралық әдістер;

- ҚР-дағы тарихи жад мәселелері;

- Жаңа әлеуметтік тарих;

- Цифрлық тарих.

Магистратура және докторантураның төмендегідей Білім беру бағдарламаларының авторы және авторлық ұжым мүшесі:

1. 6В01601- Цифрлық тарих;

2. 7М01601- Тарих;

3. 7М01601-Цифровая тарих: тарих біліміндегі жаңа технологиялар;

4. 7М02202- Тарих;

5. 8D01601- Тарих;

6. 8D01601- Жаңа әлеуметтік тарих;

7. 8D02202 - Тарих;

 

Марапаттаулар

Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының Құрмет грамотасы:

«Үздік ұстаз» төсбелгісі:

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 90 жыл» медаль иегері;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Жоғары білім беру жүйесінде жас мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін» Алғыс грамотасы. 2020 ж.

 

 


← Кері оралу