қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Аққасынова Жамиля Қажығалиқызы

Аққасынова Жамиля Қажығалиқызы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ 

Мен, Аққасынова Жамиля Қажығалиқызы, 1990 жылдың 29 тамызында Алматы облысы Қарасай ауданы Тұрар ауылында дүниеге келдім.

1997 жылы Ә.Байсалбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 1 сыныбына барып, мектепті 2008 жылы бітірдім.

2008-2012 жж. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті физика-математика факультетінің бакалавриатында білім алдым.

2012-2014 жж. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың магистратурасында білім алдым. В.П. Астафьев атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университетінде (Ресей) «Білім берудегі информатика» / «Информатика және білімді ақпараттандыру» қос дипломдық магистерлік білім беру бағдарламаларын тәмамдадым.

2014-2017 жж. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың докторантурасында білім алып, «Информатика және білім беру жүйесіндегі білімді ақпараттандыру» білім беру бағдарламасын меңгердім.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен және Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының университетішілік гранты бойынша қаржыландырылатын бірнеше ғылыми жобалардың орындаушысы болып табыламын.

2017 жылдың қыркүйегінен бастап Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика институтының информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасында оқытушы/аға оқытушы қызметінде жұмыс атқарып келемін.

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Біліктілігі

Аяқтау уақыты

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

050111 - Информатика мамандығы бойынша білім бакалавры

2012 ж.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

6М011100 - Информатика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі

2014 ж.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

6D011100 - Информатика мамандығы бойынша философия докторы (PhD)

2017 ж.

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті АҚ

М019 - Шет тілдері педагогтерін даярлау (бейіндік бағыт) білім беру бағдарламасы бойынша білім магистрі

2020 ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Берілген күні

Философия докторы (PhD)

Информатика

22.02.2019

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ  

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Кәсіби-бағытталған шет тілі

Информатиканың теориялық негіздері

Алгоритмдеу және программалау негіздері

Программалау

Білім берудегі цифрлық технологиялар

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Ғылыми жобалар:

2015-2017 жж. «Әл-Фарабидің математикалық мұралары заманауи  білім беру жағдайында» (ҚР БҒМ, орындаушы).

2018-2020 жж. «Образовательная кластерная платформа «Мега-класс» в подготовке учителя в условиях глобализации образования» (ҚР БҒМ, орындаушы).

2019-2021 жж. «Қоғамды цифрландыру жағдайында оқушыларды оқыту және тәрбиелеу үшін педагогтарды даярлау жүйесін әзірлеу. (Абай атындағы ҚазҰПУ, орындаушы).

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ

1 Подготовка педагогов для работы в сетевой школе будущего : Учебно-методическое пособие / Г.Б. Камалова, Н.И. Пак, Е.Ы. Бидайбеков, Е.А. Киселева, Л.Б. Хегай, Ж.К. Аккасынова. - Алматы : ИП «Немцев», 2019. - 320 с.

2 Кластерный подход в методической подготовке педагогов в условиях глобализации образования: Монография / Г.Б. Камалова, Е.А. Киселева, Ж.К. Аккасынова. - Алматы: КазНПУ им.Абая, 2019. - 340 с.

3 Andreeva N.M., Artyukhov I.P., Myagkova E.G., Pak N.I., Akkasynova Zh.K. Organizing Blended Learning for Students on the Basis of Learning Roadmaps // Journal of Social Studies Education Research. - 2018 - V. 9. - Iss.2. - P. 47-64.

4 Guldina, K., Nikolay, P., Liudmila, K., Yelena, K., Zhamilya, A. (2020) A cluster approach in pedagogical education in the context of globalization. International Journal of Advanced Science and Technology, 29(7s), 994 - 1004.

5 Аккасынова Ж.К., Даутова Т.К. Международный мега-урок на платформе Zoom // Эйдос. - 2020. - №2. - С.14. - https://eidos.ru/journal/ - В надзаг: Центр дистанционного образования «Эйдос».

 


← Кері оралу