қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Бекболатова Құралай Маратқызы

Бекболатова Құралай Маратқызы

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯН

1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2004-2010 жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті көркем-сурет факультетінің «Киім дизайны» мамандығынын тамандап, 2011-2013 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің  магистратура және PhD  докторантура институтының «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығын  бітірген. 2015-2018 жылдар аралығында PhD докторантура бағдарламасы бойынша Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін тамандады.

2013 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы Гуманитарлы-техникалық университетінің «Кәісіптік оқыту және дизайн» кафедрасында оқытушы қызметін атқарды. 2014 жылдың бастап Абай атындағы КазҰПУ-нің Өнер, мәдениет және спорт институтының «Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі» кафедрасында оқу шебері қызметін атқарып, қазіргі таңда аталған мекеменің 2015 оқу жылынан бастап «Дизайн» кафедрасында PhD  доктор, қауымдастырылған профессор м.а. қызметінде ғылым жолын жалғастыруда. Өнер жолында жүріп, көптеген халықаралық конкурстар мен жас дизайнерлер байқауларының жүлделі орындарының иегері. Сонымен қатар, киім дизайны мен ұлттық киімдер жайлы халықаралық конференциялар мен ВАК журналдарында мақалалары жариялануда.

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Квалификация

Бітіру уақыты

Абай атындағы ҚазҰПУ, Көркем-сурет факультеті

050421- Дизайн (Сән дизайны)

2004-2010 жж.

Абай атындағы ҚазҰПУ

«7М010700 -Бейнелеу өнері және сызу»

 

2011-2013 жж.

Абай атындағы ҚазҰПУ, Өнер,мәдениет және спорт институты

«6D010700 - Бейнелеу өнері және сызу»

 

2015-2018 жж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Академиялық дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген уақыты

PhD философия докторы

 

«6D010700 - Бейнелеу өнері және сызу» бейіні бойынша

19 сәуір  2019 ж. (№ 412 бұйрық)

 

ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ

Ғылыми атағының атауы

Берілген күні

Қауымдастырылған профессор м.а. (доцент)

01 қыркүйек 2022 ж.

(№ 682 бұйрық)

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Безендіру технологиясы, құрақ өнері, сән дизайн обектілерін жобалау, костюм композициясы, макеттеу, макеттеу және модельдеу, сән және стиль, арнайы сурет, модельдік сурет, модельдеу әдістері, сән дизайн обьектілерінің технологиясы, экодизайн негіздері, артменеджемент, дизайндағы компьютерлік модельдеу, дизайнерлік жобалардың көрсетілімі.

 

ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ

1. Болашақ бейнелеу өнері мамандарын экодизайн технологиялары арқылы кәсіби пәндерді оқыту мазмұны. Қазақстанның ғылымы мен өмірі. Халықаралық ғылыми журнал. № 12 (3) 2019. Педагогика ғылымы. Алматы, 2019. ISSN 2073-333X.  - 125-128 бет.

https://www.naukaizhizn.kz/index.php/journal/issue/view/148/23

2.Экодизайнның басқа ғылым салаларымен байланысы. Абай атындағы ҚазҰПУ, «Педагогика және психология» ғылыми-әдістемелік журнал, №3, (44), 2020 ж. -115-125 б. 

https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/issue/view/46

3.Болашақ мамандарға көркем білім берудегі сән индустриясындағы экодизайн бағытының рөлі. Торайғыров университетінің Хабаршысы. Педагогика сериясы. № 3 (2021). Павлодар қ. - Б.58-70. (соавтор: Әлжанов Г.М., Небесаева Ж.О., Ермаханбетова А.М.) https://vestnik-pedagogic.tou.edu.kz/storage/journals/350.pdf

4. Examination of the Researches on the use of Technology by fine arts Teachers // World Journal on Educational Technology: Current Issues, -2021, 13 (1), pp. 68-81. - ISSN 1309-1506 (соавторы: Rakhat  B., Akmaral  S., Zhanar  N., Miyat  D.) https://www.un-pub.eu/ojs/index.php/wjet/issue/view/380

5.Лингвокультурное содержание взаимосвязи языка и искусства. Вестник педагогического университета издание Таджикского государственного педагогического университета имени Садриддина Айни. № 3 (98) 2022 - Душанбе, -Б.120-125. (соавторы:  Жиренов С.А., Сманова А.С.) http://vestnik.tgpu.tj/ru/archive

6. The art of embroidery through eco-design in art education development. Абай атындағы ҚазҰПУ, «Педагогика және психология» ғылыми-әдістемелік журнал, №3, (52), 2022 ж. -83-95 б.(соавторы: Әлжанова Г.М., Ермаханбетова А.М.)

https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/622/831

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ

1.Бекболатова К.М., Небесаева Ж.О. «Экодизайн және технология» электронды оқу құралы. Экодизайн және технология элективті курсына арналған оқу-әдістемелік құрал/ Жетісай, 2021 ж.- 100 бет, ISSN 978-601-298-736-2. Абай атын.ҚазҰПУ, ӨМжСИ ғылыми кеңесі 26.04.2018 ж. № 8.  

2. Бекболатова К.М., Сманова А.С., Небесаева Ж.О., Берікбол Р.Р. «Артдизайн»  электронды оқу құралы. - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2020. - 130 б., ил. ISSN 978-601-7984-76-2,  Абай атын.ҚазҰПУ, ӨМжСИ ғылыми кеңесі  27.06.2020 ж. № 11.

3. Бекболатова К.М., Сманова А.С., Жиренов С.А., Ибраева К.Е., Какимова Л.Ш.,Берікбол Р.Р., Небесаева Ж.О. Көркем білім берудегі ұлттық сана мен мəдени құндылықтардың өркендеуі. Монография./  -  Алматы: ИП «Балауса», 2020. - 336 б. ISBN 978-601-7984-75-5, Абай атын.ҚазҰПУ, Ғылыми кеңесі ұсынған 27.06.2020 ж. № 11.

4. Бекболатова К.М., Берікбол Р.Р., Какимова Л.Ш.,  Ибраева К.Е., Жиренов С.А., Сманова А.С., Небесаева Ж.О. Көркемөнерден білім алуға арналған терминологиялық сөздік:  қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде. - Алматы: «Балауса», 2020. - 224 б. ISBN  978-601-7984-74-8, Абай атын.ҚазҰПУ, ӨМжСИ ғылыми кеңесі  27.06.2020 ж. № 11.

 

МАРАПАТТАР

1. Институттың дамуына қосқан үлесі үшін Өнер, мәдениет және спорт институтына 50 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған (куәлік № 90, 11.10.2019).

2. «Жас ғалым -2020» медалімен ғылым мен білімді дамытуға қосқан үлесі үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (куәлік № 015, Нұр-Сұлтан, 17 наурыз 2020 ж.)

3.Құрмет грамотасы. Университеттің оқу тәрбие ісі мен қоғамдық өміріне белсене атсалысқаны үшін және Қ.Р-ның Тәуелсіздік күні мерекесіне орай марапатталды.                  

4. Қ.Р-сы Педагогтар Қоғамының ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік жас педагог» төсбелгісімен марапатталды. (Куәлік № 0260, Астана қ., 2023 ж.)

 

 


← Кері оралу