қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Әбілмәжінова Салтанат Әбілмәжінқызы

Әбілмәжінова Салтанат Әбілмәжінқызы

Абай атындағы ҚазҰПУ доценті, жұмыс өтілі - 43 жыл, мамандығы бойынша - 30 жыл, Физикалық географияның жалпы мәселелері мен географияны оқыту әдістемелері мәселелеріне қызығушылық танытады.

Сабақ беретін пәндері. «Жалпы жертану», «Геоморфология», «Картография топография негіздерімен», «Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы». 1-3 курс студенттерімен жүргізілетін физикалық географиялық дала практикаларына басшылық жасаймын. Кафедрадағы оқу-әдістемелік жұмыстарға жауаптымын.

Жетістіктері: 100 астам ғылыми мақалалардың авторы, сондай-ақ 15 оқулық және 10 әдістемелік  оқыту құралдарының авторы.

Біліктілікті жоғарылату (соңғы 5 жылда). ҚР ФАО «НЦПК «Өрлеу» Республикалық педагог қызметкерлерінің біліктілікті арттыру курсынан өттім,  240 сағат көлемінде, оқу тілі - ағылшын. Сертификат 06.11.02013 ж. берілген. «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» мен Кембридж Университеті бірлескен оқу курсынан өттім, 232 сағат көлемінде, 02.02.2015 мен 20.03.2015 ж аралығында, сертификаты бар. «Методологические подходы к развитию инновационных технологий» атты тақырыптағы п.ғ.д., проф. Н.Д. Андрееваның 102 сағат көлемінде, 13.10. 2015 мен 31.10.2015 ж аралығында, сертификаты бар. А. И. Герцен атындағы Ресей  мемлекеттік педагогикалық университетінің география және өлкетануды оқыту әдістері кафедрасының профессоры, педагогикалық ғылымдар докторы В.Г. Сусловтың «Мектептегі географиялық білім берудің заманауи бағыттарын жаңғырту. Мектептегі географияны оқыту әдісіне қатысты жалпы мәселелер» (72 сағат  2016 жыл  28-і қарашамен  13-ші желтоқсан аралығы), және Т.М. Чодураевтың «Орталық Азияны тұрақты дамытудың табиғи аспектілері» атты екінші дәрісті 2016 жылдың  28-і қарашасы 10-і желтоқсан аралығында 72 сағат көлемінде тыңдады (сертификат).

Ғылыми қызығушылық тақырыбы: Физикалық географияның ғаламдық мәселері және географияны оқыту әдістемесінің кейбір мәселелерімен айналысады. Жалпы орта білім беретін мектеп географиясы мен студенттерге арналған физикалық география саласындағы бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.

 


← Кері оралу