қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Иркитбаев Сакен Нуркайдарович

Иркитбаев Сакен Нуркайдарович

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Жаратылыстану және география институты, «Қазақстан географиясы және экология» кафедрасының доценті

Жалпы еңбек стажы- 33 жыл , педагогикалық - 23 жыл,

Иркитбаев Сакен Нұрқайдарұлы 16.12.1968 ж. Талдықорған облысы, Жаркент ауданы, Қоңырөлең ауылында дүниеге келген. С.Н. Иркитбаев қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану-география факультетін 1994 жылы «өте жақсы» деген үлгеріммен бітірген. 1994 жылы «Қазақстан географиясы» кафедрасына оқытушы қызметіне орналасты. 2000 жылы «Қазақстан географиясы» кафедрасының доценті аталды. 1995 жылдан «Қазақстан географиясы» кафедрасының оқу дала және педагогикалық практикасына жауапты жетекші болып тағайындалды.
2013-2014 оқу жылында «Жаратылыстану және география» институтының тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарды.

Ғылыми еңбектері:

Жалпы ғылыми еңбектерінің саны 100-ден асады, сонын ішінде 4 оқу-әдістемелік құралы, 10 типтік оқу бағдарлама және ғылыми мақалалары республикалық ғылыми-әдістемелік журналдары мен университетітің «Хабаршы-Вестник» журналында жарық көрді. Соңғы 3 жылда келесі ғылыми мақалалар шықты: «Хабаршы №1 2015» журналында «Талас өзені алабының геоэкологиялық жағдайы», «Білікті педагог №1 2015 ж.» журналында «Экологиялық білім қалыптастыруда Туристік- өлкетану іс-әрекетінің маңыздылығы», «Білікті педагог №2 2015ж.» «Алматы апортын бақылау- басты назарда», «Құзіретті» республикалық ғылыми-әдістемелік , ақпараттық-танымдық журналы №4 2015ж., Алматы қ. 2016ж. "Талас өзені алабының табиғи ландшафттары және ландшафттарының өзгеру себептері", «Орта және жоғары мектептерде биологиялық және экологиялық білім берудің өзекті проблемалары: инновация және тәжірибе» Ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 14-15 қазан, 2016ж., Алматы; "Жаңа технология тәсілімен физгеография пәнін оқыту" ғылыми мақала «Хабаршы журналы» Алматы қ. 2016ж., «Сарыарқаға саяхат» ғылыми мақала Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «География, биология, экология орта мектепте» журналы Алматы қ. 2016ж, №4; "Жер ұйығы - Жетісудың орталық өңіріне саяхат" ғылыми мақала Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «Биология, география және экологияны мектепте оқыту әдістемесі» Алматы қ., 2016ж.; "Значение учебных полевых практик при подготовке специалистов географов на примере ГНПП Алтын-Эмель " Халықаралық ғылыми конференция материалдары «Жаратылыстану ғылымдары білімін жаңартылған мазмұны жағдайында модернизациялау», 2017ж.


Тәрбие жұмыстары:

4 курс 5В011600-«География» мамандығы студенттерінің эдвайзері болып жұмыс атқаруда. Осы топтың оқу-тәрбие жұмыстары жоспар бойынша жүзеге асырулыда. Сонымен бірге 4 курс «География» мамандығының 10 студентіне тәлімгер.
Университет тарапынан ұйымдастырылатын дәстүрлі, жыл сайынғы оқытушылар арасында өтетін спорттық Спартакиадаға белсенді түрде қатысады.

Жетістіктері:
Біліктілікті көтеру мақсатында 50-ден астам сертификаты бар. Сонымен қатар, «Үздік тәрбие жетекші» және «Үздік ұстаз» медальдарымен марапатталған.

Біліктілікті көтеруден өтуі (соңғы 5 жылда):
1. Педагогика окружающей среды, безопасности и здоровья человека (авторский курс проф. С.В.Алексеева) с 29.11. по 13.12. 2013 г. Санкт-Петербургская академия постдипломного педагогического образования.
2. Семинар «Развитие навыков критического мышления на основе формирования функциональной грамотности» г.Алматы с 11 января по 23 января 2016 г.
3. Курс лекций д.п.н., профессора Российского государственного педагогического университета им. А.И.Герцена Андреевой Н.Д. на тему: «История и методология экологического образования»; «Теория, методика и технологии обучения экологии» г.Алматы с 06.10. по 18.10.2014г Российский государственный педагогический университета им. А.И.Герцена (КазНПУ им. Абая).
4. Certificate of attendance course «Teaching Techniques Development» с 24.11. по 03.12.2014г. Polytechnic University of Valencia. (АО «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу»).
5. Курсы повышения квалификации педагогических работников Республики Казахстан по программе: «Повышение квалификации преподавателей ВУЗов Республики Казахстан» (Қазақстан Республикасының ЖОО педагогикалық мамандықтарының оқытушыларының біліктілігін арттыру) с 6 Декабря 2014г. АО «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу».
6. Прослушивание курса лекций к.б.н., доцента Ульяновского государственного педагогического университета им. И.Н.Ульянова Кирпичева В.И. на тему «Охрана окружающей среды и здоровье» г. Ульяновск с 15 по 30 ноября 2016. Ульяновский государственный педагогический университет им. И.Н.Ульянова.
7. Прослушивание курса лекций д.п.н., профессора Российского государственного педагогического университета им. А.И.Герцена Суслова В.Г. на тему «Современные направления модернизации школьного географического образования. Общие вопросы методики преподавания школьной географии» г. Санкт-Петербург с 28 ноября - 10 декабря 2016 Российский государственный педагогический университет им. А.И.Герцена.
8. Прослушивание курса лекций д.г.н., профессора Кыргызского государственного университета им. И.Арабаева Чодураева Т.М. на тему «Природные аспекты устойчивого развития Центральной Азии» г. Бишкек с 28 ноября - 10 декабря 2016. Кыргызский государственный университет им. И.Арабаева.


Жүргізетін пәндері: «Ландшафттану», «Жаратылыстану», «Туризмдегі менеджмент», «Туризм маркетингі», «Қазіргі жаратылыстанудың тұжырымдамасы», «Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе».

 

 


← Кері оралу