қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Масимова Халминам Валетовна

Масимова Халминам Валетовна

 

Қысқаша өмірбаян

Туған жылы: 1977 ж. Туған жері:  Алматы облысы, Ұйғыр ауданы Кетпен ауылы. 1994-1998 ж. Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің студенті. 1999-2001 жж. ҚР ҰҒА Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының аспирантурасында оқыды. 2002-2007 жж. ҚР ҰҒА Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Ұйғыртану орталығының кіші ғылыми қызметкері, 2007-2018 жж аралығында ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Ұйғыртану орталығының  ғылыми қызметкер және аға ғылыми қызметкер лауазымында жұмыс істеді. 2002 жылдан бастап ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының іргелі ғылыми зерттеу жобаларына жете қатысуда.

2018 жылдың қыркүйегінен бастап Абай атындағы ҚазМПУ-ның Филология және көптілді білім беру институты Шығыс филологиясы және аударма кафедрасына аға оқытушы болып жұмысқа орналасты. 2018 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУда «Ұйғыр тілі мен әдебиеті» мамандығының Білім беру бағдарламаларын құрастыруда белсенді қатысып келеді.

2017 жылдан бері оқыту ұйғыр тіліндегі орта білім ұйымдарына арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге сараптама жасау және сынақтан өткізу нәтижелерін қарастыру жөніндегі Пәндік сараптамалық комиссияның тұрақты мүшесі.

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Біліктілігі

Аяқтаған мерзімі

 

Абай атындағы  АМУ

Ұйғыр тілі, әдебиеті және тарих

1998 ж.

ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты

Аспирант

2001

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми саласы

Диплом берілген уақты

Филология ғылымдарының кандидаты

Түркі тілдері

2006 ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Бакалавр: Қазіргі ұйғыр тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы, Қазіргі ұйғыр тілінің фонетикасы, Қазіргі ұйғыр тілінің морфологиясы, Қазіргі ұйғыр тілінің  диалектологиясы,  Қазіргі ұйғыр тілінің синтаксисы, тіл тарихы

 

ҒЫЛЫМИ САЛАСЫ

Түркітану, тіл тарихы,  ұйғыртану, шығыстану.

Жетпіске жуық ғылыми, ғылыми-көпшілік мақалалардың және  3 ұжымдық монографияның авторы

1.Автореферат «Исматулла Мөжизидің «Тәварих-и мусиқиун» трактатының фонетикалық және лексика-грамматикалық ерекшеліктері». - Алматы, 2005. - 28 б.

2.Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері ІІІ том. Өтеміс Қажының «Шыңғыс-намесі» тілінің көрсетіш-сөздігі. - Алматы: «Дайк-Пресс», 2006. (бірлескен авторлықта).

3.Жүсіп Баласағунидің «Құтты білік» тілінің грамматикалық құрылымын зерттеу // Т. Талипов. Таңдамалы еңбектер. Т. 2. - Алматы, 2006. - С. 161-227 (Т.Талиповпен бірлескен авторлықта).

4.Шығыс Түркістандық шығармалардың тілі Орталық Азияның тарихы мен мәдениетін зерттеу көзі ретінде // Қазақстан мен Орталық Азияның тарихы мен мәдениеті бойынша Шығыс Түркістандық деректер (XVIII - ХХ ғғ.басы). Ұжымдық монография. - Алматы: Мир, 2017. - 49-76 бб.

5.«Тәварих-и мусиқиун» трактаты тіліндегі есім сөздер. Зат есім // Ұйғыртану: тарихи-филологиялық зерттеулер. Монография. Жауапты.ред.: Р.У. Каримова. - Алматы: Мир, 2015. - 357-385 бб.

 

МАРАПАТТАРЫ

Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Вице-министр Ф. Жақыпованың алғысы (2019 ж.)

ҚР БҒМ «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының Алғыс хат: (Оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға сараптама жасау және сынақтан өткізу нәтижелерін қарастыру жөніндегі Пәндік сараптамалық комиссия жүмысына қатысып жоғары кәсіби біліктілік танытқаны үшін Алғыс хат) (2020 ж.)

Білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі және оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге сараптама жүргізуге қатысқаны үшін Вице-министр Ш.Каринованың Алғыс хаты (2021 ж).

 

 

 

 


← Кері оралу