қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Халитова Исламия Рамазанқызы

Халитова Исламия Рамазанқызы

 

Аты жөні

Халитова Исламия Рамазанқызы 

Туған жылы, күні

1946 жылы 10 қарашада

Білімі

1964-1968  жылдары Қарғаз ССР, Ош Мемлекеттік педагогика институтының музыка-педагогика факультетінде «Жалпы білім беретін мектеп пен педагогикалық училищенің музыка пәні мұғалімі» мамандығы бойынша дәріс алып, оны аяқтайды. Білім министрлігінің жолдамасымен «Жас маман» мәртебесінде,  өзі бітірген факультетте оқытушылық қызметте қалдырылады.

Қызметі мен атағы

педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасында ұстаз.

 

Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі жұмыс орны және лауазымы

1970- 1988 жалдары орта мектепте және педагогикалық училищеде музыка пәні мұғалімі, Қырғыз педагогикалық ғылыми -зерттеу институтында аспирант, Фрунзе (қазіргі Бишкек) қаласындағы «Орыс тілі мен әдебиеті» (ПИРЯиЛ) педагогикалық институтының «Педагогика және психология» кафедрасында  аға оқытушы қызметін атқарған.

1989 жылы «Эстетическое воспитание учащихся 5-6 клссов общеобразовательных школ средствами киргизской народной инструментальной музыки» тақырыбындағы кндидаттық диссертацияны Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының ғылыми кеңесінде қорғап педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми атағындәрежесіне ие болды.

 1991 жылдан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының «Педагогика» кафедрасында аға оқытушы, 1992 ж. осы кафедраның доценті, 1998 ж. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Абай Құнанбаев мұраларын оқу-тәрбие процесіне ендіру тарихы (1965-1991 жж.)»   тақырыбында докторлық диссертацияны  педагогика ғылымдарының докторы, профессор Құнантаева Күләш Құнантаеваның  жетекшілігімен  қорғап педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін, 2007 жылы ҚР ЖАК-ның шешімімен профессор атағы беріледі.

Ғылыми қызығушылығы

«Абай Құнанбаев мұраларын оқу-тәрбие процесіне ендіру тарихы (1965-1991 жж.)»  

Жарияланымдар

Кандидаттық диссертация қорғаған кезден бастап И.Р. Халитова  оқу- тәрбие мәселелеріне байланысты мақалаларды қырғыз, орыс тілдерінде жазса, Ата мекеніне оралған кезден бастап  ғылыми-педагогикалық мәндегі еңбектерін қазақ, орыс тілдерінде жазады. 

Халитова Исламия Рамазанқызының ғылыми-педагогикалық  зерттеу бағыттары кең ауқымды:

- Ғылыми-педагогикалық бағытта жалпы педагогика, педагогиканың тариыхы, этнопедагогика, педагог ғалымдардың шығармашылығы мен өміріне қатысты кітап, мақалалар, оқу құралдары, оқу-әдістемелік құралдары жарық көрді;

- Абайтану саласында бұрын-соңды зерттелмеген ақын мұраларын бала бақшадан бастап жоғары мектепке дейін оқу-тәрбие үрдісіне ендіру, кадрлар даярлауда пайдалану бағытында мақалалар, монографиялары бар;

- Әлеуметтік педагогикада осы салаға алғашқылардан болып қадам басып, ең алғашқы оқу құралдары мен оқу-әдстемелік құралдары студенттерге, магистранттарға арналып жарық көрді;

- Мектепке дейінгі білім беру саласынада да бірқатар еңбектері жарық көріп, солардың ішінде ең алғашқылардан болып Абай мұраларын мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие жұмыстарында пайдалануға арналған әдістемелік құралы, және басқа да ғылыми еңбектері жарияланды;

- Ғалымның мектеп жасындағы және мектеп жасына дейінгі балаларға арналған әдеби шығармалары «Менің Спарта мектебім», «Әңгімелер» жинағы бар.

Профессор И.Р.Халитованың 255 мақалалар мен кітаптары, монографиялары, оқу құралдары мен оқу- әдістемелік еңбектері алыс жақын шетелдерде (Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Түркия) жарық көрген 3 импакфакторлы, 3 потенті бар. 

Профессор И.Р.Халитова  педагог кадрлар даярлауға белсенді араласып, аспирант, ізденушілермен жұмыс істеп келеді:  16 ғылым кандидаты, 2 философия докторы (PhD) және 30 дан астам  магистрант даярлады.

Профессор И.Р.Халитова 2000-2011 жж Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогика университетінің докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғау кеңесңнде мүшесі болды.  Шетелдегі ғылыми кеңестер профессор И.Р.Халитованы оппонент, сарапшы ретінде үнемі ғылыми кеңеске шақырып тұрады.

Ғылыми жобаларға қатысу

 

Кафедрада қай уақыттан бастап жұмыс істейді

2010 жылдан бастап Абай атындағы қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Магистратура және (PhD)Докторантура» институтындағы  «Педагогика және психология» кафедрасында профессор қызметін, 2016 жылдан осы университеттің «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасында профессор қазметін атқарды.

Қоғамдық жұмыс

 

Байланыс деректері

87014537083;  khalitova46@yandex.ru


← Кері оралу