қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Елубай Гүлістан Бисенбайқызы

Елубай Гүлістан Бисенбайқызы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ

Мен, Елубай Гүлістан Бисенбайқызы, 1996 жылдың 28 наурызында Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ноғайты ауылында дүниеге келдім.

2003 жылы сағыз орта мектебінің 1 сыныбына барып, мектепті 2014 жылы бітірдім.

2014-2018 жж. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Математика, физика және информатика институтының бакалавриатында білім алдым.

2018-2020 жж. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың магистратурасында білім алдым.

2020 жылдың қыркүйегінен бастап Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика институтының информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасында оқытушы қызметіне жұмысқа орналастым.

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Біліктілігі

Аяқтау уақыты

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

5В070300 - Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша техника ғылымдарының бакалавры

2018 ж.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

6М060200 - Информатика мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі

2020 ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ  

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ

1 Әл-фараби бойынша оқушылардың арифметикалық-музыкалық құзырлылығын қалыптастыру: Е.Қ.Жұбановтың 90 жылдығына арналған «Жұбанов тағылымы» атты дәстүрлі Х халықаралық ғылыми-практикалық конференция (Ақтөбе, 2019жыл)/ Бидайбеков Е.Ы., Ошанова Н.Т., Елубай Г.Б.

2 Оқушылардың арифметикалық - музыкалық құзырлылығын қалыптастыруда электрондық құралдарды қолдану: І.Жансүгіров атындағы жетісу мемлекеттік университеті, Шығыстың ұлы ойшылы, «Әлемнің екінші ұстазы» Әбу Насыр әл-Фарабидың 1150 жылдығына арналған республикалық конференция (Талдықорған, 2020)/ Бидайбеков Е.Ы., Ошанова Н.Т., Елубай Г.Б.

 


← Кері оралу