қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Жанбырбаева Карлыгаш Кабылбековна

Жанбырбаева Карлыгаш Кабылбековна

 

Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шоқпар ауылында 1985 жылы 16 наурызда дүниеге келген. 1991 жылы Ораз Жандосов атындағы орта мектебіне оқуға барып, 2002 жылы бітірген.

2002 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінің жаратылыстану факультетінің биология бөліміне оқуға түсті, 2007 жылы биология пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықты.

2009 - 2011 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Амангелді орта мектебінде биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

2014 - 2016 жылдар аралығында Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінің жаратылыстану факультетінің география пәні мамандығы бойынша магистратурада оқыды.

2018 - 2019 жылдар аралығында № 67 орта мектебінде География пәнінің мұғалімі қызметін атқарды.

Қазіргі уақытта Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Шетел азаматтары және ЖОО дейінгі дайындық факультетінде оқытушы болып жұмыс істейді.

 

Білімі:

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітірген уақыты

 

Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті

Биология пәнінің мұғалімі

2007 ж.

Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті

География пәнінің мұғалімі

2016 ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Академиялық дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген уақыты

Жаратылыстану ғылымы

 

Биология

2007 ж.

Жаратылыстану ғылымының магистрі

География

2008 ж.

 

Оқытылатын пәндер: Биология пәні және География пәндері

 

Ғылыми бағыты: Орта мектепте биология және география пәнін оқыту

 

Ғылыми - әдістемелік бағыты - Жаратылыстану ғылымы 

 


← Кері оралу