![]() Бейсембаева Кенже Доғарқызы
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ Бейсембаева Кенже Доғарқызы 1988 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын «Музыка және педагогика» мамандығы бойынша бітірген, 1996 жылы Абай атындағы АлМУ-нің аспирантурасын, 2006 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «5В010300 - Педагогика және психология» мамандығы бойынша бакалавриатты, 2014 жылы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «6М010300 - Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратураны бітірген, осы мамандық бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесіне ие болған. Бейсембаева Кенже Доғарқызының 60-тан астам ғылыми мақаласы бар, оның ішінде жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы (ҚР БҒМ грифімен), 2 оқу-әдістемелік құрал, бірнеше мақалалары бар.
БІЛІМІ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ Бакалавриат: Физикалық және психикалық денсаулық психологиясы, Психология тарихы, Дарындылық психологиясы, Іс-әрекет және қарым-қатынас психологиясы, Тұлға психологиясы, Қазіргі тұлға теориялары, Ғылыми-психологиялық зерттеу әдісі, Қазіргі психологиялық мектептер және бағыттар.
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ - зерттеу тақырыбы, жарияланымдар саны. Зерттеу тақырыбы: Болашақ психолог мамандардың эмпатиясын дамыту. 1. Мұғалім қызметіндегі шығармашылық жеке-даралық пен педагогикалық шеберлігінің мүмкіндіктері. ҚазМемҚызПУ «Хабаршы» журналы, №2, 2016 жыл. 2. Мектепке дейінгі ұйымда балалардың танымдық қызығушылығын дамытуда жаңартылған технологияларды қолданудың ерекшеліктері. Абай атындағы ҚазҰПУ «Хабаршы» журналы, «Психология» сериясы, №1 (58) 2019 жыл. 3. «Әлеуметтік психология» (Ингайбековамен Т.А. бірлестікте). Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. 2013 жыл - 92 бет. 4. «Эксперименталды психология». Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. 2013 жыл - 88 бет. 5. «Акмеология». (п.ғ.д., проф. Б.А.Оспановамен бірлестікте). Оқулық (ҚР БҒМ грифімен). Алматы, 2014 жыл - 392 бет.
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ - зерттеу тақырыбы, жарияланымдар саны. Зерттеу тақырыбы: Білім берудің өзекті мәселелері. 1. Балабақшаның педагог-тәрбиешілерін психологиялық қолдау. - Абай атындағы ҚазҰПУ «Хабаршы» журналы, «Психология» сериясы, №1 (58) 2019 жыл. 2. THE POSSIBILITIES OF CREATIVE INDIVIDUALITY AND PEDAGOGICAL MASTERY IN TEACHING ACTIVITY. «Фараби» атты ИКСАД әлеуметтік зерттеулер және даму институтының ұйымдастырған Халықаралық конгресс, Түркия, Анкара қаласы, 9-11 қараша 2018 жыл. 3.Болашақ педагогтардың эмпатиясын психологиялық даярлау үдерісінде дамыту мүмкіндіктері. IV Халықаралық түркі әлемі зерттеулері симпозиумы. 26-28 сәуір 2017 ж. Түркия, Нийде қаласы, Өмер Халисдемир университеті. 4. Қазіргі білім беру жүйесінде әлеуметтік педагогтарды даярлау ерекшеліктері. V Халықаралық түркі әлемі зерттеулері Симпозиумы, Алматы қаласы, ҚазМемҚызПУ, 11-13 қазан 2018 жыл. 5. FEATURES OF PREPARATION OF SOCIAL TEACHERS IN THE MODERN EDUCATION SYSTEM. Халықаралық симпозиум материалдары, Солтүстік Кипр, Гирне қаласы, 20-23 наурыз 2019 ж.
← Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8(727)221-85-14
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Университеттің ғылыми басылымдары Кірушілер статистикасы
|