қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Бердышев Әбдімәулен Сүлейменұлы

Бердышев Әбдімәулен Сүлейменұлы

Бердышев Әбдімәулен Сүлейменұлы- физика-математика ғылымдарының докторы.1985 жылы кандидаттық және 2000 жылы докторлық диссертацияларын қорғаған. Докторлық диссертация тақырыбы: «Аралас және аралас-құрамдас теңдеулер үшін шекаралық есептер теориясының спектралдық мәселелері» (01.01.02-дифференциалдық теңдеулер). Профессор (2006).
Ғылыми қызығушылығы: Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер, локальды және локальды болмаған шеттік есептер,классикалық емес математикалық физика теңдеулері, аралас және аралас-құрамдас теңдеулер, математикалық модельдеу.
Қазіргі таңда аралас және аралас-құрамдас типтегі дифференциалды теңдеулер үшін локальды және локальды болмаған шектік есептер теориясы бойынша еліміздегі және шет елдердегі математик ғалымдарға танымал жетекші маман болып табылады.
Ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстарды белсенді түрде атқарады, студенттердің, магистранттар мен PhD докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді.«Хабаршы ҚазҰПУ. Физика-математика ғылымдар сериясы» журналында бас редактор және бірқатар шетелдік ғылыми журналдарда редколлегия алқасына мүше.
Ғылыми жұмыстары: авторлық куәлік иесі (2015), 167-дан аса ғылыми мақалалар және 1 монография (Краевые задачи и их спектральные свойства для уравнения смешанного параболо-гиперболического и смешанно-составного типов) жарыққа шыққан.Бердышев А.С. зерттеулері барысында алған маңызды нәтижелері математика әлемінде әйгілі төмендегі ғылыми журналдарда «Доклады РАН», «Сибирский математический журнал», «Дифференциальные уравнения», «Nonlinear analysis: Theory, Methods & Applications», «Boundary value problems», «Complex Variables and Elliptic Equations», «Acta Mathematica Scienitia», «Applied Mathematical Modelling», «Results in Mathematics», «Electronic Journal of Differential Equations», «Open Computer Science», «Mathematical Methods in the Applied Sciences», «Computers & Mathematics with Applications», «Open Engineering formerly Central European Journal of Engineering». және т.б. жарияланған. 4 физика-математика ғылымдарының кандидатын және 1PhD доктор дайындаған.
Ғылым және техника саласы бойынша Өзбекстан Республикасы Жастар Одағы сыйлығының лауреаты (1986 ж). Білім беру саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ы. Алтынсарин» (2006 ж) және «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталған.«ЖОО Үздік оқытушысы - 2011» грантының иегері.

 

 


← Кері оралу