қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Джамилова Сауле Мэлскызы

Джамилова Сауле Мэлскызы

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ

Джамилова Сауле Мэлскызы 1970 жылы 17 қазанда Павлодар облысы Павлодар ауданы Красноармейка ауылында дүниеге келген. 1977 жылы Павлодар облысы Лебяжі ауданы Бесқарағай ауылының бірінші сыныбына, орта мектебіне барды. 1987 жылы Алматы облысы, Іле ауданы, КазЦик ауылындағы №6 орта мектепті бітірді. 1987-1992 жылдары Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Еңбек Қызыл Ту орденді педагогикалық университетінде оқыды. Университетті бітіргеннен кейін Боралдай кентінің №15 орта мектебінде химия пәнінің мұғалімі болып төрт жыл жұмыс істеді. 1996 жылы биохимия, өсімдіктер физиологиясы және экология кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді.

2001 жылы аға оқытушы лауазымын алды. 2014-2016 жылдар аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ магистратурасында оқыды. 2018 жылдан бастап "Биология" кафедрасында жұмыс істеймін.

 

БІЛІМ

Білім беру мекемесі

Біліктілігі

Аяқталу күні

Қазақ мемлекеттік Еңбек Қызыл Ту орденді Абай атындағы педагогикалық университеті.

Химия және биология пәнінің оқытушысы

06.шілде 1992ж.

Абай атындағы қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті Абай атындағы

Жаратылыстану ғылымдарының магистрі

04. 2016 жылғы шілде.

 

Оқытатын пәндері (Бакалавриат )

1. Қазіргі сабақты жоспарлау

2. Әлемнің жаратылыстану-ғылыми көрінісі

3. Биологияны оқыту әдістемесі

4. Педагогикалық практика

5. Критериалды бағалау технологиясы

6. Биологияны оқытудың заманауи технологиялары

7. Жобалық қызметті ұйымдастыру

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ - Алматы қаласы мен Солтүстік Тянь-Шань флорасы, жарияланымдар саны 70.

1. «Endemics and Subendemics Species Diversity of Ketpen Ridge Flora». OnLine Journal of Biological Sciences  USA,  19 October 2017,  p. 16-26.

2.  «Analysis of Urban Flora of City of Almaty (Kazakhstan)». OnLine Journal of Biological Sciences  USA,  24 September 2018.

3. «Comparative analysis of the flora of the Ketpen-Temerlik in Kazakhstan and China (Northern Tian Shan)». OnLine Journal of Biological Sciences  Poland, April 2020.

4. "Алматы қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағының ағаш-бұта өсімдіктері". Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы. Е.А. Бөкетов. -

Серия Биология. География. Медицина " - № 2(82) -Қарағанды, 2016.

5. "Кетпен-Темірлік жотасының синантропты флорасының биоалуантүрлілігі". Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Хабаршысы № 3 (87) 2019 ж. 248-253 бет

 

Ғылыми-Әдістемелік қызмет-Болашақ биолог мұғалімдерді кәсіби қызметке даярлау.

Марапаттар

1. "Оқытушы студенттер көзімен" номинациясы бойынша университет ректорының "алғыс хаты". 2010ж.

2. Ректордың атынан Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90 жылдығына арналған университеттің дамуына қосқан үлесі үшін" мерейтойлық медаль". 2018ж.

3. Университет ректорынан түлектермен жұмысқа белсенді қатысқаны үшін "Алғыс хат". 2019 ж.

4.  Университет ректорының атынан мамандарды кәсіби даярлау ісіне сіңірген еңбегі үшін "Үздік ұстаз" төсбелгісі. 2020 ж.

 


← Кері оралу