қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Болатхан Назымгүл

Болатхан Назымгүл

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ  

2012 жылы Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжін «Эстрадалық вокал» мамандығы бойынша үздік дипломмен тәмамдап, 2017 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын «Арт-менеджмент» мамандығы бойынша үздік бітірді. 2020 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Музыкалық білім» мамандығы бойынша «Оқытудың цифрлық әдістерін қолдану үрдісінде студенттердің музыкалық-компьютерлік білімдерін қалыптастыру» тақырыбында педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін қорғады.                  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының стипендиаты. «На крыльях таланта» халықаралық байқауының II орын лауреаты (Санкт-Петербург, Ресей), «Корей толқыны» халықаралық байқауының III орын лауреаты. «Жас қанат - 2013» Республикалық жас орындаушылар байқауының дипломанты, «Менің StartUp - 2018» Республикалық инновациялық идеялар байқауының «Музыкадағы аннимациялық перфоманс» жобасы үшін III дәрежелі диплом иегері.

 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күні

 

Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі

«Эстрадалық вокал»

2012 ж.

Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы

 «Арт менеджмент» мамандығы бойынша өнер бакалавры

2017 ж.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

 «Музыкалық білім» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі

2020 ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Бакалавриат: «Мәдени-тынығу жұмысында арт менджмент технологиялары»,  «Жобалық менеджмент», «Мәдени-тынығу жұмысында арт-индустрияны ұйымдастыру», «Шоу бағдарламаларды ұйымдастыру», «Мәдени-тынығу жұмысында жобалық менеджмент және маркетинг негіздері», «Мұражай менеджменті негіздері», «Байқаулар, фестивальдер мен олимпиадаларды өткізуді ұйымдастыру».

 


← Кері оралу