қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Кунтуарова Арай Довлетбаевна

Кунтуарова Арай Довлетбаевна

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ

Арай Довлетбайқызы Кунтуарова 1989 жылы 14 қыркүйекте туылған. Ұлты-қазақ. 2007 жылы Горный орта мектебін бітірген.

 

2007 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «050109- Математика» мамандығы бойынша оқуға түсті.  Студент кезінде жастар мен студенттердің бірқатар республикалық форумдарға қатысты. 2011 жылы университетті бітірді.

 

2015 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «6M060100-Математика» мамандығына бойынша магистратура бөліміне оқуға түскен. 2017 жылы магистратураны бітіріп, жаратылыстану ғылымдар магистрі ғылыми дәрежесін алды.

 

2017 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «6D060100-Математика» мамандығына бойынша докторантура бөліміне оқуға түскен.

 

2020 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-де, Математика, физика және информатика институтының математика және математикалық моделдеу кафедрасында оқытушылық қызметін атқарып бастады. 2023 жылдан бастап аға оқытушы қызметін атқарады.

 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру уақыты

Абай атындағы ҚазҰПУ

Бакалавр

2011

Абай атындағы ҚазҰПУ

Магистратура

2017

Абай атындағы ҚазҰПУ

Докторантура PhD

2020

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген уақыты

Магистр

Жаратылыстану ғылымдар

2017

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Дифференциалдық теңдеулер
Математикалық анализ 1-4
Функционалдық анализ
Дискретті математика және математикалық логика
Ықтималдық теориясы және математикалық статистика

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

1. «Операторлар теориясының және гармоникалық талдаудың заманауи әдістері мен мәселелері және оларды қолдану IX», 21 сәуір - 26 сәуір 2019 жылғы Ростов-на-Дону қ., Ресей Федерациясында өткен тоғызыншы халықаралық конференцияға қатысты

2. Халықаралық Воронеж көктемгі математикалық мектебі «Заманауи  әдістер теориясы. Понтрягин оқулары-XXX», 3 мамыр-9 мамыр, 2019 жылғы Воронеж қ., Ресей Федерациясында өткен ғылыми конференцияға қатысты

3. Кунтуарова А.Д. Ресей, Қазақстан  Республикасының журналдарына ғылыми мақалаларын  жариялап отырады.

 


← Кері оралу