қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Акпарова Жанна Муслимовна

Акпарова Жанна Муслимовна

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ

23 желтоқсан 1963 жылы Орталық Қазақстан облысы Қара-құм ауылында дүниеге келген.

1. 1981 жылдан 1984 жылға дейін Балқаш педагогикалық училищесін музыка бөлімінде "Музыка және ән айту"мамандығы бойынша білім алған.

2. 1989 жылы І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтын «Музыка қосымша "Педагогика"» мамандығы бойынша аяқтады.

3. 1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің күндізгі аспирантурасын бітіріп, Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша "Ересек мектеп жасына дейінгі балалардың қазақтың халықтық музыкалық шығармашылығына қызығушылығын қалыптастыру" тақырыбына диссертацияны қорғады.

4. 1989 жылдан 1992 жылға дейін - Талдықорған І.Жансүгіров атындағы педагогикалық институтының мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының оқытушысы, мектепке дейінгі тәрбие факультеті деканының орынбасары.

5. 1997-2003 жылдары І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің жеке әдістемелер кафедрасының аға оқытушысы.

6. 2003-2006 жылдары І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде музыкалық білім кафедрасының меңгерушісі.

7. 2006-2007 жылдары - Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде "Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі" кафедрасының доценті.

8. 2007-2014 жылдары - Қарағанды "Болашақ" университетінің "Педагогика және психология"кафедрасының доценті.

9. 2010 жылдан 2014 жылға дейін - Қарағанды "Болашақ" университетінің перспективалық даму бөлімінің бастығы.

10. 2014-2021 жылдар аралығында Қарағанды "Bolashaq" академиясының "Мектепке дейінгі және мектепте оқыту" кафедрасының профессоры, Ғылыми кеңесінің ғылыми хатшысы лауазымын қоса атқарды.

11. 2021 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Абай атындағы ҚазҰПУ педагогикалық цикл пәндері бөлімінің доценті.

12. Қазақстан Педагогика Ғылымдары Академиясының корреспондент-мүшесі (Алматы, 2015).

 

БІЛІМ АЛУЫ

Білім беру мекеме

Аяқтау мерзімі

Квалификация

Балқаш педагогикалық білм беру училищесі, музыка бөлімі

 

1984

Музыка және ән. Мектептегі музыка мұғалімі, балабақшаның музыкалық жетекшісі

І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институты

1989

«Музыка қосымша мамандық "Педагогика"». Музыка мұғалімі және тәрбие жұмысы бойынша әдіскер.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің күндізгі аспирантурасы, педагогика бөлімі

1996

Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәрежесі атауы

Ғылыми саласы

Дипломның берілу мерзімі

Педагогика ғылымдарының кандидаты

Педагогика

26 қараша 1997 жыл

Доцент

Педагогика

25 қаңтар 2009 жыл

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТЫ

100-ден астам ғылыми-педагогикалық еңбектердің авторы, соның ішінде:

1. 8 оқу құралдары2.

2 монорафия (бірлескен авторлықта)

3. Шетелдік басылымдардағы мақалалар: The Technology of Professional Competence Formation Process of Future in Education. Man in India. - 2017. - V. 97. - Iss. 21. - P.635-642. Serials Publications Scopus және Ethno pedagogical preparation as an important factor of development of national self-consciousness of a future teacher. International Journal of Psychosocial Rehabilitation, Vol. 24, Issue 7, 2020. ISSN: 1475-7192. Hampstead Psychological Associates, Suite B19, 110 Gloucester Road, London, NW1 8JA. United Kingdom. editor@psychosocial.com, https://www.psychosocial.com/article/PR270590/17790/ (Scopus журналдағы мақала);

Оқу құралдары:

1. Ғылыми педагогикалық зерттеу жұмыстарының негіздері: Оқу құралы. 2-ші басылымы. Оқу құралы. Қарағанды: «Болашак-Баспа» РББ, 2021ж. 16,3 б.т.;

2. «Этнопедагогика и этнопсихология» Учебное пособие (в соавторстве). Караганда, РИО «Болашак-Баспа», 2018. (-243с.);

3. Дефектология негіздері және логопедия. Оқу құралы. Қарағанды: «Болашак-Баспа» РББ, 2017ж.-174б.

4. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. Қарағанды: «Болашак-Баспа» РББ, 2015ж. 5,8 п.л.;

5. Өзіңді тани біл. Оқу құралы. Қарағанды, 2010.- 8,81 п.л.

6. Введение в педагогическую специальность. Учебное пособие. Караганда, 2009. -231с.

7. Педагогикалық мамандыққа кіріспе. Оқу құралы. Қарағанды, 2009. -231с.

8. Педагогикалық ғылыми зерттеу жұмыстарының негіздері. 2008. -134б.

 

МАРАПАТТАРЫ

Еліміздің жоғары білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының төсбелгісі және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы "Үздік педагог" атағы

2019 жыл

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің құрмет грамотасы

2016 жыл

Қарағанды облысы әкімінің қала мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан жеке үлесі үшін құрмет грамоталары

2013, 2016 жылдар

 

*2019-2020 жылдары ҚР БҒМ Ғылым комитетімен бірлесіп "Білім көшбасшысы" және "Қазақстанның Жыл мұғалімі-2019" республикалық конкурстарының жеңімпазы, 1 дәрежелі дипломдармен, төс белгілерімен марапатталған

 


← Кері оралу