қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Жармагамбетова Алима Кайнекеевна

Жармагамбетова Алима Кайнекеевна

Жармагамбетова Алима Кайнекеевна


ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ


Жармагамбетова Алима Кайнекеевна, 5 ақпан 1951 жылы Алматы қаласында туылған. 1968-1973 жж. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетіне оқуға түсіп, химик, химия оқытушысы деген мамандық алды.

Жұмыс тәжірибесі:

1973-1996 жж. ҒЗИ Д.В. Сокольский атындағы отын, катализ және электрохимия институтының аға зертханашысы, инженері, кіші және аға ғылыми қызметкері;

1998 - 1996 жж. ҒЗИ Д.В. Сокольский атындағы отын, катализ және электрохимия институтының бас ғылыми қызметкері;

1998 - 2006 жж. ҒЗИ Д.В. Сокольский атындағы отын, катализ және электрохимия институтының директорының ғылым жөніндегі орынбасары;

1999-қазіргі уақытқа дейін ҒЗИ Д.В. Сокольский атындағы отын, катализ және электрохимия институтының «Органикалық катализ зертханасының» меңгерушісі.

 

БІЛІМІ


Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітірген жылы

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті

Химик. 
Химия оқытушысы

1973

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Ағылшын тілі мұғалімі

1994

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ


Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген мерзімі

Химия ғылымдарының кандидаты 

 

02.00.15-Кинетика и катализ

1981

Химия ғылымдарының докторы
 

02.00.15-Кинетика и катализ

1996

 

ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ


Ғылыми атағы

Марапаттау күні

Профессор

2000

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ


Магистратура, докторантура: «Кинетика и катализ»; «Экологический катализ»; «Нефтехимия»; «Полимер-стабилизированных наноструктурных катализаторов».

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ


Ғылыми тағылымдамалар:

1.       1987 ж. Органикалық химия институты, Росток, ГДР (проф. Зелке).

2.       1998 ж. Strathclyde Университеті, Глазго, Ұлыбритания (проф. Шеррингтон)

3.       1991-1992 жж. «Мұнай-химия синтезі» институты РҒА, Мәскеу (проф. В. Сметанюк)

Сарапшының жұмыс тәжірибесі:

1.       ҚР ЖАК Химия жөніндегі сараптама кеңесінің төрағасы, 2001-2005 жж.

2.       INTAS Катализ бойынша сарапшысы, 2005-2007 жж.

3.       Жер, металлургия және байыту ғылымдары орталығының ҒТК мүшесі 2007-2010 жж.

4.       ҚР БҒМ химия, химиялық технология бойынша сарапшысы 2010 жылдан қазіргі уақытқа дейін

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ


Қазақстандық, ресейлік және халықаралық басылымдарда 300-ден астам ғылыми мақалалары жарияланған, оның ішінде Scopus дерекқорында cite Score пайыздық көрсеткіші (процентилі) 35-тен кем емес басылымдарда 6 мақала және Scopus дерекқорында cite Score пайыздық көрсеткіші (процентилі) 20-дан кем емес басылымдарда 4 мақала жарияланды.

Германия, Франция, Италия, Финляндия, Венгрия, Түркия, Ресей, Өзбекстандағы халықаралық конференцияларға ауызша баяндамалармен қатысты.

 

МАРАПАТТАРЫ


1. Ұлттық рейтинг-2020 қорытындысы бойынша еліміздің ЖОО үздік оқытушысы ретінде «ТОП-50» оқытушыларына кірді, 2020.

 

 


← Кері оралу