қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Бақбергенова Роза Қожабайқызы

Бақбергенова Роза Қожабайқызы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ

Р.Қ.Бақбергенова Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында 1964 жылдың 13 шілдесінде туылған. Мектеп бітірген соң М.Мәметова атындағы педагогикалық училищесінде бастауыш сынып мұғалімі және аға пионер вожатый мамандығы бойынша оқыды (1978-1982). 1988 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқыған (1991-1994). Қызылорда облысының №116 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі (1982-1984); қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі (1988-1990) қызметін атқарды. Н.В.Гоголь атындағы педагогика институты Филология факультеті Қазақ тілі кафедрасының оқытушысы (1990-1991). 1992 жылдан Абай атындағы ҚазҰПУ-да аға оқытушы болып қызмет атқаруда.

Ғылым мен оқытушылық қызметті қатар ала жүріп, 100-ге жуық жарияланымның (оқу құралы, оқу-әдістемелік құрал мен ғылыми-әдістемелік мақалалар) авторы.

 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күні

1.

М.Мәметова атындағы педагогикалық училище. Қызылорда қаласы.

Бастауыш сынып мұғалімі және аға пионер вожатый.

1982

2.

 

Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институт (қазіргі Қорқыт Ата   атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) филология  факультеті, қазақ бөлімі. Қызылорда қаласы.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.

 

1988

3.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті. Аспирантура.

Аспирант. 

1994

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері)

Бакалавриатта: Қазақ тілінің сөзжасамы, морфологиясы, Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі, Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Латын графикалы қазақ жазуы, Функционалдық сауаттылықты дамыту әдістемесі.

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы, оның ішінде түркі тілдеріне ортақ фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, қазақ тілін шетелдік студенттерге оқытудың инновациялық технологиясы, сөз мәдениеті және интерактивті қатысым мәселелерімен айналысады. Шетелдік тіл үйренушілерге қазақ тілін меңгерту әдістемесі. Аталмыш ғылыми мәселелерге байланысты жақын және алыс шетелдерде (Түркия Республикасы, Анкара (1999), Стамбул  (2000), Ескішеһир (2014, 2015, 2016) Ташкент  (2007), Қытай Халық Республикасы (2011, 2012) Австрия (2015), (Франция 2015) халықаралық конференциялар мен Құрылтайларда баяндама жасады.

 2012-2013 жылдары Қытай Халық Республикасы Іле педагогикалық университеті жанындағы Абай орталығының Координаторы қызметін атқарды. 2014 жылдан Түркия Халық Республикасы Ескішеһир әкімшілігіндегі «Әлем өркениеті ішіндегі түркі өркениеті: тіл және тарих мәселелері» комитетінің мүшесі.  Қазақ, орыс және түрік тілдерінде еркін тілдік қарым-қатынас жасайды.

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ - жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша қазақ тілін интерактивті оқыту әдістемесі мәселелерімен айналысады.

Біліктілікті арттыру сертификаттары: Инновационные методы и технологии обучения в университетах Германии. Семинар. Межд. Академия менеджмента и технологий. Германия, г.Дюссельдорф. 26.11 - 04.12.2015; Стажировка бағдарламасы бойынша осы уақыт аралығында «Оразование - фундамент инновационной экономики Германии.

Современные подходы в системе непрерывного практикоориентированного образования». «Рефлексия в преподавании в ВУЗе. Германия. Дуйсбург-Эссен университеті. Доктор Петр Пистор.

 

МАРАПАТТАРЫ:

Абай атындағы Қаз ҰПУ-дің  Құрмет Грамотасы 2011, 2014ж; Түркия, Канада Елшілігінің Алғыс хаттары, 2007, 2010, 2014ж; Абай атындағы Қаз ҰПУ-дің  «Үздік ұстаз» төсбелгісі, 2016ж;  Алматы қаласы Білім департаментінің мақтау қағазы, 2018ж; ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты, Нұр-Cұлтан, 2020ж.

 


← Кері оралу