қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы

Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы

 

Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор
Философия ғылымдарының докторы, профессор,

 

ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері

 

Туған жылы мен жері: 02.06.1969 ж., Жамбыл облысы.

 

Білімі: 1991 жылы философия мамандығы бойынша Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін тамамдаған.

 

Жұмыс тәжірбиесі: жалпы еңбек өтілі - 31 жыл, ғылыми-педагогикалық өтілі - 25 жыл. 1991 жылдың тамыз айынан бастап 2011 жылдың қыркүйек айына дейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде оқытушылық еңбек жолын кафедраның ассистентінен профессоры, философия және саясаттану факультетінің деканы қызметіне дейін жүріп өткен. 2008-2010 жылдары әл-Фараби ат. ҚазҰУ Әкімшілік департаментінің директоры болып қызмет атқарды. 2010 жылдың қаңтар айынан бастап ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің бас ғалым хатшысы болған.

2011-2017 жж. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарды. 2017 ж. қыркүйек айынан бастап ҚазҰПУ ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор қызметін атқаруда

 

Ғылыми қызметі және ғылымдағы қызығушылықтары: 1998 жылы «Мәдениеттер сұхбаты: мәдениет стилінің коммуникативті мүмкіншіліктері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

2002 жылы мәдениеттану мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.

2007 жылы «Аударма өркениет феномені ретінде» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

2009 жылы мәдениеттану мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді. Мәдениеттану, этика, эстетика, философия тарихы, лингвомәдениеттану ғылыми салалары бойынша ізденістер жүргізеді.

2012 жылы ҚҰ ҰҒА корреспондент мүшесі болып сайланды.

2013 жылдан бері ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі, «Елдің интеллектуалды әлеуеті» бағыты бойынша ғылыми хатшысы.

Философия, мәдениеттану және дінтану бойынша диссертациялық кеңестің мүшесі.

Мәдениеттану, этика, эстетика философия тарихы, лингвомәдениеттану, білім философиясы ғылыми салалары бойынша ізденістер жүргізеді.

 

Марапаттаулар:

2003 ж. гуманитарлық ғылымдар саласындағы жас ғалымдарға арналған М. Әуезов атындағы сыйлық иегері;

2007 ж.«ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері;

2009-2011, 2011-2013 жылдарға арналған ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия иегері;

2011 ж. ҚР БжҒМ «Ғылым дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

2017 ж. ҚР БжҒМ «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

 

 


← Кері оралу