қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Атемкулова Назира Омаровна

Атемкулова Назира Омаровна

 

Аты жөні

Атемкулова Назира Омарқызы 

Туған жылы, күні

1971 жылы 06 мамыр

Білімі

1988 - 1993 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын «Мәдени-ағарту жұмысы» мамандығы бойынша бітірді.

Қызметі мен атағы

педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасында ұстаз.

 

Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі жұмыс орны және лауазымы

Еңбек жолын 1993-1996 жылдар аралығында Жызақ облысы, Мырзашөл ауданы, Гагарин қаласындағы аудандық №6 Ш.Қалдаяқов атындағы музыка мектебінде музыка пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеді;

 

1996-1997 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы Жетісай мәдениет колледжінде музыка пәнінің оқытушысы қызметін атқарды;

 

1997-2001 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық колледжінде музыка пәнінің оқытушысы қызметін жалғастырды;

 

2001-2005 жылдар аралығында осы аталған колледждің «Ән-саз» кафедрасының меңгерушісі, 2005 - 2010 жылдары «Ән-саз және мәдени-ағарту» бөлімінің меңгерушісі қызметін кафедра меңгерушісі қызметімен қоса атқарып, сонымен қоса педагогика, психология пәндерінен дәріс берді.

 

2008 жылы «Сабақтан тыс тәрбие жұмыстары арқылы колледж оқушыларының педагогикалық бағыттылығын қалыптастыру» (педагогикалық колледждердегі музыка - педагогика мамандығы материалдары негізінде» тақырыбындағы 13.00.01 - жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияны Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің (ҚарМУ-нің) ғылыми кеңесінде қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми атағы дәрежесіне ие болды.

 

2010 жылдан бері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің "Педагогика және психология" институтында "Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика" кафедрасына аға оқытушы болып қабылданып, 2014 жылдан бері университеттің қауымдастырылған профессоры лауазымы бойынша қызмет атқарып келеді.

Ғылыми қызығушылығы

- әлеуметтік педагогиканың қазіргі мәселесі;

- мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық - эстетикалық тәрбие беру;

- кәсіптік орта білім беру мекемелеріндегі (колледждердегі) әлеуметтік - педагогикалық жұмыс мәселелері.

Жарияланымдар

1999 жылдардан бері Н.О.Атемкулова оқу-тәрбие мәселелеріне байланысты жүйелі түрде халықаралық, республикалық, университеттік ғылыми конференциялардың мерзімді басылымдарда мақалалар жариялап отырады. Н.О.Атемкулованың атап айтқанда 130-ға жуық ғылыми мақалалары мен алыс-жақын шетелдерде (АҚШ, Түркия, Ұлыбритания, Чехия,  Польша, БАӘ (Дубай),  София (Болгария), Ресей, Қырғызстан т.б.) жарық көрген 3 импактфакторлы еңбектері бар. 

2015 - 2016 оқу жылынан бастап енген білім бағдарламалары бойынша 5В012300- «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша «Мектептегі әлеуметтік - педагогикалық жұмыстың теориясы мен әдістемесі», «Педагогикалық шеберлік» пәндерінің қазақ тіліндегі типтік бағдарламаларының және 5 оқу құралдары мен оқу- әдістемелік еңбектерінің авторы;

Атемкулова Назира Омарқызы  педагог кадрлар даярлауға белсенді араласып, магистранттармен де жұмыс істеп келеді;

Ғылыми жобаларға қатысу

- - - - - - - - - - - -

Кафедрада қай уақыттан бастап жұмыс істейді

2010 жылдан бері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің "Педагогика және психология" институтында "Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика" кафедрасына аға оқытушы болып қабылданып, 2014 жылдан бері университеттің қауымдастырылған профессоры лауазымы бойынша қызмет атқарып келеді.

Қоғамдық жұмыс

2012 жылдан бері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының Жоғары білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) сынағына арналған тест тапсырмаларының сарапшысы және тексерушісі жұмысын жоғары деңгейде жүйелі түрде жыл сайын орындап келеді;

 

2012-2016 жылдар аралығында Алматы қаласының Еуразия технологиялық университетінде және 2015-2016 жылдары Есік гуманитарлық-экономикалық колледждерінде Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының  төрайымы қызметін атқарды;

 

5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандықтарының 2017-2018 оқу жылына арналған модульдік оқу бағдарламаларын құрастырушысы. Сонымен қатар, осы мамандықтың жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес 2018-2019 оқу жылына арналған модульдік оқу бағдарламасын құрастырушысы;

 

2019-2020 жылдары 6В012-Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының авторы.

 

"Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика" кафедрасында тәрбие жұмыстары бойынша «Тәрбие жетекшілерінің жауапты тәрбие жетекшісі» жұмысын атқарып келеді.

Байланыс деректері

87013706179; naz.0506@mail.ru

 

 


← Кері оралу