қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Азимбаева Дариға Қуанқызы

Азимбаева Дариға Қуанқызы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ

Азимбаева Дариға Қуанқызы 1967 жылдың 21- қыркүйегінде Красноводск қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1974 жылы Н.Островский атындағы қазақ орта мектебіне қабылданып, 1984 жылы бітірді.

1984 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының бастауыш оқыту педагогикасы мен методикасы мамандығына түсіп, оны 1989 жылы үздік дипломмен бітірді.

Өзінің еңбек жолын 1989 жылы Жамбыл облысы, Луговой ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарудан бастады.

1990 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында бастауыш мектепте орыс тілі және әдебиеті кафедрасында лаборант болып, қыркүйек айынан бастап оқытушы қызметін атқара бастады. Жалпы жұмыс өтілі - 32 жыл.

2012-2014 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 6М010100- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша магистратураны үздік бітіріп, педагогика ғылымдарының магистрі атанды.

Зерттеу жұмысы бойынша отандық және шетелдік басылымдарда 100 - ге жақын ғылыми еңбегі жарық көрді.

 

БІЛІМІ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күні

Қазақтың Еңбек Қызыл Ту Орденді Абай атындағы педагогика институты

Бастауыш кластар және ұлт мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

01.07. 1989.

ТВ № 764961

Тіркеу №402

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

6М010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша педагогикалық ғылым магистрі

06.06. 2014.

ЖООК-М №0052134

Тіркеу №222

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ  (бакалавриат)

1. Мектепке дейінгі педагогика

2. Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялық технологиялар

3. Отбасы педагогикасы

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

1. Студенттердің ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың шарттары. Анталия - Турция. www. inglobe. org . /Uluslararasi kazak tarihi - kültürüve edebiyati sempozyumu. 22 - 23 наурыз 2018 ж. (115-117б)

2. Pedagogical system of Maria Montessori and modern educational requirements. Білім берудегі менеджмент. №1 (96) 2020. - 124-128б.

3. Педагогикалық білім беру контексінде ізгілікті ортаны ұйымдастырудың аксиологиялық аспектілері. Хабаршы Абай атындағы ҚазҰПУ.«Филология ғылымдары» сериясы. - 2020. - № 1(71).  - 658-665 бет.

4. Socio-pedagogical support of interpersonal conflicts among teenagers. Materials of the International Conference "Process Management and Scientific Developments"

(Birmingham, United Kingdom, May 2, 2020, -76-83с.

5. Formation of research competence of future teacher educators based on the technology of project training. World Journal on Educational. Technology: Current Issues. Volume 14, Issue 3, (2022) 927-939. https://un-pub.eu/ojs/index.php/wjet/article/view/7319 (на базе Scopus)

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ

1. Азимбаева Д.Қ. Монтессори материалы негізінде мектеп жасына дейінгі балаларда математикалық түсініктерді дамыту. Әдістемелік нұсқаулық.  - Алматы, 2022. - 40б.

2. Азимбаева Д.Қ. Геометриялық пішіндер елінде. Мектеп жасына дейінгі балаларда геометриялық пішіндер туралы түсінік қалыптастыруға арналған дидактикалық ойындар жинағы. - Алматы, 2022. -36б.

3. Азимбаева Д.Қ. Сенсорика әлемі. Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды сенсорлық дамыту бойынша дидактикалық ойындар жинағы. - Алматы, 2022. - 42б.

 

МАРАПАТТАРЫ

1. «Үздік ұстаз» төсбелгісі  05.03.2014. Куәлік №259

2. «Ы.Алтынсарин» белгісі 20.09.2018.  Куәлік №721

3. «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 90 жыл» мерекелік медалі 13.12.2018.  Куәлік №646

 

 

 


← Кері оралу