қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Махаева Айткүл Шайымқұлқызы

Махаева Айткүл Шайымқұлқызы

Махаева Айткүл Шайымқұлқызы-тарих ғылымдарының докторы, доцент

1989 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің Тарих факультетін бітірген. Еңбек жолын Қазақ химия-технология институтының Саяси пәндер кафедрасында ассистент болып бастады.

1992 жылы әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Ежелгі және орта ғасырлар тарихы» кафедрасында аспирант болды.

1995 жылы «Қазақ комитеттері: құрылуы мен қызметінің тарихы» атты кандидаттық диссертациясын қорғады.

1993-2008 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде.

2009-2012 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да доцент болды. 2009жылы «Қазақ - қырғыз саяси байланыстарының тарихы ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың бас кезі» атты докторлық диссертациясын қорғады.

2012 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-да Академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқаруда.

А.Ш. Махаева 100-ден аса ғылыми мақалалардың және Тойшыбек би және оның заманы (Алматы, 2006), «Қазақ- қырғыз саяси байланыстарының тарихы. ХVІІІ ғасырдың бас кезі» (Алматы, 2007), «Қазақ - қырғыз тарихынан» (Бишкек, 2011) атты монографиялардың және 2 оқу құралының авторы. Ғылыми мақалалары алыс-жақын шетелдерде жарияланған.

тел: 8 702 404 74 49

№10 корпус, № 711 каб.

 


← Вернуться назад