
About us | Главная /
Махаева Айткүл Шайымқұлқызы
Махаева Айткүл Шайымқұлқызы
Махаева Айткүл Шайымқұлқызы-тарих ғылымдарының докторы, доцент 1989 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің Тарих факультетін бітірген. Еңбек жолын Қазақ химия-технология институтының Саяси пәндер кафедрасында ассистент болып бастады. 1992 жылы әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Ежелгі және орта ғасырлар тарихы» кафедрасында аспирант болды. 1995 жылы «Қазақ комитеттері: құрылуы мен қызметінің тарихы» атты кандидаттық диссертациясын қорғады. 1993-2008 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде. 2009-2012 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да доцент болды. 2009жылы «Қазақ - қырғыз саяси байланыстарының тарихы ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың бас кезі» атты докторлық диссертациясын қорғады. 2012 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-да Академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқаруда. А.Ш. Махаева 100-ден аса ғылыми мақалалардың және Тойшыбек би және оның заманы (Алматы, 2006), «Қазақ- қырғыз саяси байланыстарының тарихы. ХVІІІ ғасырдың бас кезі» (Алматы, 2007), «Қазақ - қырғыз тарихынан» (Бишкек, 2011) атты монографиялардың және 2 оқу құралының авторы. Ғылыми мақалалары алыс-жақын шетелдерде жарияланған. тел: 8 702 404 74 49 №10 корпус, № 711 каб.
← Вернутся назад |
|
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Office: 8 (727) 390 60 05
Admissions Office/Call center: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04
8 (727) 291 57 68
Сitizen reception on personal matters
|