қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
30.11.2017

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, 6D010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша философия докторы РhD дәрежесін алу үшін Ибраева Магрипа Курманбековнаның «Ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамыту» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған. Қорғау тілі - қазақша.

 

Ғылыми кеңесшілер:

Абдигапбарова Улжаркын Муслимовна - педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры. Алматы қ. Қазақстан Республикасы
Онищенко Элеонора Васильевна - А.И.Герцен атындағы РМПУ профессоры, Санкт-Петербург қ., Ресей Федерациясы.

 

Рецензенттер:
Жиенбаева Сайра Нағашыбаевна - 13.00.01-Жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының докторы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы,

 

Капенова Анар Амирхановна - 13.00.07 - Мектепке дейінгі білім беру теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің профессоры, Талдықорған қ., Қазақстан Республикасы

 

Қорғау 2017 жылғы 30 желтоқсанда сағат 11.00 - де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Төле-би көшесі, 31, (1-қабат, 7-кабинет). Сайттың мекен жайы: www.kaznpu.kz

 

Аңдатпа 3 тілде (орыс,қазақ және ағылшын тілдерінде)


Ғылыми жарияланымдар тізімі


Диссертацияны қорғау барысында түсірілген бейне жазба