қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
12.01.2018

«INTERNATIONAL EDUCATION FAIR 2018» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КӨРМЕСІ

 


 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «International Education Fair 2018» халықаралық білім беру көрмесін өткізеді.

 

- 2018 жылғы 20-21 қаңтарда Астана қаласында (Rixos Astana, Д.Қонаев көшесінде, 7);

- 2018 жылғы 22-23 қаңтарда Шымкент қаласында (Rixos Khadisha, Желтоқсан көшесінде, 17);

- 2018 жылғы 24-25 қаңтарда Алматы қаласында (Hotel Kazakhstan Almaty,Достық даңғылы,52/2).

 

Іс-шараның мақсаты әлемдік білім беру кеңістігіне бірігу, шетелдегі білім беруді дәріптеу, сонымен қатар халықыралық білім беру жобаларын жүзеге асыру аясында тәжірибе алмасу мақсатында білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.

 

Көрме бағдарламасында қазақстандық және шетелдік университеттер арасында меморандумдарға қол қою рәсімі, шетелдік жоғары оқу орындарының қазақстандық білім беру агенттіктерімен В2В-кездесуін өткізу қарастырылған.

 

Толығырақ: http://educationfair.bolashak.gov.kz/ru/o-vystavke/programma-vystavki.html

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім