қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
11.04.2018

«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына - 35 жыл!

 

2018 жылдың 16 -27 сәуірі аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық және «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 35 жылдық мерекесі аясында «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына - 35 жыл» онкүндігі өткізіледі.


Аталған онкүндік іс-шараға қатысуға ҚР ғылыми-педагогикалық қауымы: мектеп және ЖОО оқулықтарының авторлары, бастауыш оқыту бойынша білім беру және типтік бағдарлама авторлары, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының түлектері, ҚР ЖОО-да оқып жүрген студенттер - болашақ бастауыш сынып мұғалімдері шақырылады.

 

Ұйымдастырушы: педагогика және психология институтының бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы.

 

Онкүндікті ұйымдастыру мәселелері бойынша кафедра меңгерушісі Жұмабаева Әзия Елеупанқызына хабарласуға болады: 87019630028, 87714438067

 

Өткізілу орны: Алматы қ., Төле би, 31. Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология институтының №15 тарих кабинеті

 

Қосымша: Онкүндік графигі