
Main /
Mass media about us
22.07.2020
"Цифрлық педагог": Жазғы онлайн мектебі
2020 жылдың 20 шілдесінен бастап Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Цифрлық педагог» жазғы онлайн-мектебі басталды. Бұл мектептің негізгі мақсаты - мұғалімдердің онлайн режимінде тиімді оқыту үшін цифрлық ресурстарды қолдану білімдері мен дағдыларын дамыту, - деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.
Жазғы мектепте қашықтықтан оқыту режимінде білім беру қызметін ұйымдастыру үшін ең қызықты цифрлық құралдар қарастырылады: «Discord педагогикалық өзара әрекеттесу құралы ретінде», «Білім беру нәтижелерінің рубрикаторлары», «Педагогикалық дизайн негіздері», «Цифрлық із». Семинар спикерлері тиісті құралдарды (DownSab, Advego, Dandelion, Alot) қолдана отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша тәжірибе мен ұсыныстармен бөліседі, оқу материалдарын жобалаудың онлайн-платформасын және білімін тексеру - Core.app, зертханалық жұмыстарға арналған ресурстармен және виртуалды зертханамен таныстырады.
Жазғы мектептің қатысушылары бірлесіп жұмыс істеу және miro.com, padlet.com, mentimeter, Zoom, Google Meet, OBS-Studio, edpazzle-да бейне-дәрістер, вебинарлар, бейне-конференцияларды қалай жасау керек, Univer және YouTube жүйесіне бейне-лекцияларды жүктеу, тестілер мен тапсырмаларды әзірлеу, ақпаратты бақылау және жинау құралдары (QuizLET, Quizizz, kahoot, socrative) бойынша нұсқаулықтар алады.
22.07.2020 ж. Ақпарат көзі: bilimdinews.kz
Вернутся назад |
|
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Office: 8 (727) 390 60 05
Admissions Office/Call center: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04
8 (727) 291 57 68
Сitizen reception on personal matters
|