қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
16.04.2013

 

2013 жылдың 16 сәуірінде сағат 15.00 Абай даңғ. 68/74, Әуезов к-ң қ., «Перекресток» кафесінде Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы пікір алмасу алаңының бірінші отырысын өткізеді. Талқыланатын тақырып: «Қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшу мәселелері мен келешегі». Қазақстанда 20 жылдан бері лингвистикалық дискуссиялар белсенді түрде жүргізілуде. Елбасы Н. Назарбаевтың жыл басындағы 2025 жылға дейін қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуге үкіметке тапсырмасы аталған мәселе аясындағы пікірталасты жандандыра түсті. Бұл мәселе бойынша реформа қолдаушылары мен оппоненттері өз дәлелдерін келтіруде. Жақтаушылар бірқатар жағымды факторларды атайды, мәселен, әлемдік ақпараттық кеңістігіне интеграциялану, қоғамның бірігуі, мемлекеттік тіл мәртебесінің көтерілуі және оны үйренуге құштарлықтың өсуі. Скептиктер болса, айтарлықтай жоғары қаржы шығындары, барлық әдебиеттің транслитерациясы, ықтимал сауатсыздық пен ұрпақтар арасындағы мәдени сабақтастықтың үзілуі секілді мәселелерге көңіл аудартады. 1990-жылдардан бастап Өзбекстан, Әзербайжан, Түркменстан және Молдавия сатылы түрде латын қарпіне өткен болатын. Көршілес елдердің тәжірибесін ескере отырып, қазақстандық қоғам қателіктер жібермес үшін сабақ алуы қажет. Латын қарпіне өту мәселесі үлкен қоғамдық резонансқа ие болды. Соған қарамастан, көптеген сұрақтар әлі де жауабын тапқан емес. Сондықтан да эксперттік көзқарас бұл реформаның көптеген аспектілерін: мүмкін болатын қиыншылықтар, перспективалар, экономикалық аспектілер және әр түрлі сала мамандарының тәжірибелік ұсыныстары аталған мәселені зерттеуге септігін тигізеді.

Спикерлер:

  • Мұхтар Шаханов - ақын және саяси қайраткер
  • Айдос Сарым - қоғам қайраткері
  • Айгүл Кохаева - IT маманы
  • Мадина Халитова - э.ғ.д., ҚР БҒМ Экономика институтының ұлттық қаржы зерттеулері бөлімінің меңгерушісі

Жұмыс тілдері: қазақша, орысша

Алаңға қатысуыңызды 2013 жылдың 15 сәуіріне дейін жіберуіңізді сұраймыз.

Барлық сұрақтар бойынша: gpcenter2007@gmail.com немесе тел./факс: +7(727)3758818

Байланыс тұлғасы: +7 778 117 2363 Таттимбет Калжеков