қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
09.03.2021

Пандемия кезіндегі әйелдердің қоғамдағы үлесі мен рөлі

 


Абай атындағы ҚазҰПУ-да білім беру ғылымы және мұғалімдерді даярлау бойынша ЮНЕСКО кафедрасы "Пандемияның әйел/әйел емес тұлғасы" тақырыбында вебинар өткізді. Алғы сөзбен ғылым және цифрландыру жөніндегі Проректор, профессор Сахиев Саябек Қуанышбекұлы сөз сөйледі. Ол вебинар спикерлері мен қатысушыларын келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтап, пандемия кезіндегі әйелдердің қоғамдағы ерекше рөлін атап өтті, - деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

 

Вебинар спикері Ускембаева Маргарита Абдикаримовна - «Қазақстанның тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері институты» қоғамдық қорының Президенті, қор жұмысы, гендерлік теңдік, тәжірибе және сын-тегеуріндер, туралы айтып берді. Философия ғылымдарының докторы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның сараптамалық кеңесінің мүшесі, Алматы технологиялық университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Зәмза Қодар Мұташқызы «Пандемия әйел тұлғасында емес» тақырыбында баяндама жасады.

 

Замза Муташовна өзінің психолог ретіндегі тәжірибесімен және пандемия көптеген адамдарда қорқыныш тудыратыны туралы бөлісті. Шакирова Светлана Махмутовна-Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғылыми-баспа бөлімінің жетекшісі, рейтингті халықаралық журналдарындағы жарияланымдар бойынша жақсы ұсыныстар берді. Спикердің пікірінше, кез-келген адам ақылы баспаларды айналып өтіп, журналдарға тікелей хабарласып, олардан оң жауап ала алады.

 

«Гендерлік білім беру:даму болашағы» баяндамасымен әлеуметтану ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰУ Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының доценті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ гендерлік білім беру орталығының директоры Шеденова Назым Утегалиевна сөз сөйледі. Назым Өтеғалиқызы орталықтың гендерлік курстары мен зерттеу жұмыстары туралы айтып берді. Кабакова Майра Победовна- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры «Қазақстандағы отбасы институты: қазіргі жағдайы мен проблемалары» атты баяндама жасады. Майра Победовна баяндамасында қазіргі кездегі қоғамның ең өзекті мәселелерін көрсетті. Сондай-ақ, үйдегі зорлық-зомбылыққа тоқталып, көмекке мұқтаж әйелдерге тегін кеңес беру туралы айтты.

 

Алматы облысы Жамбыл аудандық сотының судьясы Сара Мұратқызы Жаңбырбаева «Әйел-отбасы шырағы» атты баяндама жасады. Сара Мұратқызы өз жұмысының ерекшеліктеріне тоқталып, пандемия кезінде ажырасулар санының өскенін атап өтті. Спикерлер Қабиденова Жұлдыз Дүйсенбайқызы-PhD доктор, Торайғыров университетінің қауымдастырылған профессоры және Танабаева Анар Садуакасқызы - PhD доктор, ҚазҰПУ-дың білім беру ғылымы және мұғалімдерді даярлау бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, отбасылық неке қатынастарындағы ақшаның әлеуметтік-мәдени маңызы туралы айтып берді.

 

Спикерлер Қазақстанның бірнеше өңірінде әлеуметтік сауалнама жүргізіп, қоғамдағы ақша мәнінің ерекшеліктерін анықтады. Спикер Хамзина Жанна Амангельдиновна-заң ғылымдарының докторы, профессор- ҚазҰПУ-дың Заңтану кафедрасының зерттеушісі, «Еңбек және әлеуметтік-қамтамасыз ету құқықтық қатынастарындағы гендерлік теңдік мәселелері» атты баяндама жасады. Қатысушылар мен спикерлер баяндамаларды қызығушылықпен тыңдап, талқылап, сұрақтар қойды.

 

Вебинар соңында стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі Проректор, профессор Құлсариева Ақтолқын Тұрлықанқызы барлық спикерлер мен қатысушыларды халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, олардың жұмысына шығармашылық табыс тіледі. Вебинар соңында спикерлер әйелдердің қоғамдағы жағдайын жақсарту үшін бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

 

09.03.2021 ж.

Ақпарат көзі: bilimdinews.kz

 



335

Вернутся назад