қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
30.03.2021

Ректор жастар арасындағы пікірсайыс қозғалысын дамыту туралы пікір білдірді

 


 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев өзінің Facebook парақшасында жастар арасында пікірсайыс қозғалысын дамыту, студенттердің ең өзекті мәселелер бойынша пікірталасқа деген қызығушылығын ояту, өзіндік пікірлерін және жеке азаматтық ұстанымын қалыптастыру үшін көптеген тұрақты жұмыстар жүргізу қажеттігін, осы мақсатта 2002 жылы университет жанынан «Атамекен» пікірсайыс клубы құрылғанын жазды.

 

Ректордың жазуынша, аталған ұйым өз тарихында нағыз патриот, өз ісінің хас шеберлерінің бірнеше жас буынын тәрбиелеп шығарды. Олардың қатарында Данияр Қанқожаев («Болашақ» бағдарламасының стипендианты, Калифорния, АҚШ), Мақсат Жақау, Саят Жөкен, Нұрболат Жантелеев, Жандос Әуелбекұлы, Мұхит Рысбек, Артур Ізбасов, Ержан Жүніс, Самат Сүлей, Әділ Әбдірахман, Есіл Утепов, Ғани Майлыбаев (Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы), Баян Бақкелдіқызы (журналист), Мақсат Сламқожаев, Құрманбек Жұматайұлы және университеттің басқа да талантты түлектері бар.

 

«Клуб аясында Ректор кубогына пікірсайыс турнирі, «Atameken Cup-15» республикалық турнирі өткізілді. Клубтың қазіргі үйлестірушісі (координаторы) - Тарих және құқық институтының 3-курс студенті Әсембек Думан. Жыл сайынғы дәстүрлі Университет ректоры кубогына арналған республикалық пікірсайыс турнирінің басты ұйымдастырушы - Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент, Жастар ісі жөніндегі комитеті, «Атамекен» пікірсайыс клубы» деп нақтылады Такир Оспанұлы.

 

30.03.2021 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com

 



275

Вернутся назад