қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
15.06.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ әлемдегі педагогикалық университеттердің үздік бестігіне кірді

 



Абай атындағы ҚазҰПУ 1928 жылы еліміздің алғашқы жоғары оқу орны әрі педагогикалық білім берудің көшбасшысы ретінде танымал

 

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында басқарма төрағасы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Дархан Біләлов болды. Ол университеттің соңғы жылдардағы жетістіктері, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар арасында жүріп жатқан вакцинация науқаны жөнінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

 

Айта кетертлігі, Абай атындағы ҚазҰПУ 1928 жылы еліміздің алғашқы жоғары оқу орны әрі педагогикалық білім берудің көшбасшысы ретінде танымал.

 

Университетте 1000-нан астам оқытушы жұмыс істейді, олардың жартысы ағылшын тілін жетік меңгерген және ғылыми дәрежелері бар.

 

Соңғы екі жылда ҚазҰПУ таңдаған студенттер саны екі есе өсті. Бүгінде университетте 13,5 мың адам оқиды, оның ішінде: 12 мыңға жуық бакалавриат студенті, 1200-ге жуық магистрант, 400-ден астам PhD докторанты. Сондай-ақ, 7 110 адам білім беру гранты бойынша оқиды.

 

«Абай атындағы ҚазҰПУ халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ұмтылады, QS World University Ranking рейтингісінде әлемнің үздік педагогикалық университеттерінің ТОП-5 қатарына кірді», - деп хабарлады ректор Д. Біләлов.

 

2021 жылдың қорытындысы бойынша ҚазҰПУ білім беру сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігінің «Білім беру» бағыты бойынша институционалдық рейтингте бірінші орын, аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігінің ҚР ЖОО-ның қажеттілігінің ұлттық рейтингісінде педагогикалық ЖОО-дың арасында бірінші орын және ҚР ЖОО-ның арасында 4-орын алады.

 

Баспасөз конференциясында Д. Біләлов оқу орны университет пен мектептің тығыз ынтымақтастығына негізделген мұғалімді даярлаудың дуальді-бағытталған моделіне көшкенін айтты. Бұл практика 2 курстан бастап енгізілді, басқаша айтқанда студенттер 5 күн оқиды және аптасына бір рет практикаға барады. Үшінші курста практикалық күндер көбейіп, студенттер 3 күнді мектепте өткізеді, 4-курста бұл екі апталық интерактивті теориялық оқыту модулі мен оқу жылы бойы тәжірибе.

 

Д. Біләлов Абай атындағы университеттің түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие екенін айтты. Оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы түлектердің 95-97% жұмысқа орналасады.

 

Брифинг соңында ректор журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, университетте оқытушылар құрамы мен студенттердің вакцинасы қандай қарқынмен жүріп жатқанын хабарлады.

 

Д. Біләловтің айтуынша, індет барлық жоғары оқу орындары үшін жаңа тәжірибе әкелді. Оны ұмытпау керек. Аралас оқыту форматының артында мұғалімдердің біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін болашақ бар.

 

Д. Біләлов қашықтан оқытудың тиімділігіне қарамастан студенттерге офлайн режимде оқыған дұрыс деп есептейді. Сондықтан ҚазҰПУ ұжымы жаппай вакцина алуға қосылды. ЖОО-ның 298 қызметкері екпе алды.

 

 

15.06.2021 ж.

Ақпарат көзі: almaty.tv



193

Вернутся назад