қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
06.02.2019

IPR MEDIA компаниясының шеберлік сыныбы


IPR MEDIA компания тобы сіздерді «ЭБС IPR BOOKS мүмкіндіктері. Заманауи сервистер мен технологиялар арқасында оқу үрдісін тиімді құру. Авторлар үшін IPR MEDIA КТ-мен ынтымақтастықтың артықшылықтары» тақырыбындағы бірегей шеберлік сыныбына қатысуға шақырады.

 

Оқу және заманауи цифрландыру жағдайында электронды - кітапхана жүйесінде білім беру үрдісінің маңызды бөлігі туралы өзекті ақпарат алу мақсатында аталған шеберлік сыныбына унивеситетіміздің профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары мен докторанттарының қатысуы ұсынылды.


Іс-шараның өткізілетін уақыты:  13 ақпан 2019 жыл, сағат 09.00.


Өтетін орны: Алматы қаласы, Достық 13,  Абай атындағы ҚазҰПУ, 314 каб.

 

Іс-шараға жауапты тұлға, ғылыми кітапхана директоры Имансыдықова Нұргүл Жайлауқызы

 

Қатысу үшін тіркеуден өту қажет, мына сілтеме бойынша: https://docs.google.com/forms/d/1nHQir7fpBdT5dE6rvEl5gGohQH45k2PyfZ3Nozue8lM/edit

 

Толығырақ