қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
16.06.2021

Қазақстанның қай жоғары оқу орындарында ең табысты студенттер оқиды?

 


 

Ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындарының 800-ден астам студенті соңғы екі жылда халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары атанды. Студенттердің жетістіктері бойынша үздік 5 мемлекеттік жоғары оқу орындарының қатарына Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қарағанды техникалық университеті, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті кірді, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

 

Мысалы, өткен оқу жылында Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 87 студенті IV Бүкілресейлік олимпиадада, «CISCO STARS-2019» желілік технологиялар бойынша халықаралық олимпиадада, халықаралық пәндік олимпиадада, Regional Final of Huawei ICT Competition in Eurasia 2019-2020 және басқа да жарыстарда жүлделі орындарға ие болды.

 

Сондай-ақ ЕҰУ студенттері пәндік олимпиадаларда ғана емес, түрлі шығармашылық және спорттық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Мәселен, «E-STUDIO» вокалистері Украина мен Өзбекстандағы халықаралық байқаулардың жеңімпаздары атанды. Домбырашы-студенттерден құралған «Дала сазы» оркестрі «DUBAI MUSIC FESTIVAL-CONTEST» халықаралық байқауында жеңіске жетті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері халықаралық олимпиадаларда білім деңгейлерінің жақсы екенін көрсетті. Жоғары оқу орнының студенттері POSCO халықаралық қорының (Корея), Heiwa Nakajima Foundation (Жапония), "MOPGA" (Франция) стипендиаттары, сондай-ақ "Erasmus", DORA халықаралық гранттарының иегерлері атанды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері де көзге түсті. 2020 жылы бұл оқу орны педагогикалық жоо студенттері арасында жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша өткен халықаралық олимпиадада жүлделі орынға ие болды. Сонымен қатар 18 студент пен магистрант ҚР Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарына ие болды. Сонымен бірге ҚазҰПУ білім алушылары студенттер мен магистранттар арасында республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурстарының жеңімпаздары атанды.

 

Өңірлік жоғары оқу орындарының білім алушылары да жоғары нәтижелер көрсетті. Мәселен, Қарағанды техникалық университетінің студенттері «Terricone valley IT-WEEK.KZ 2019» халықаралық форумының хакатонында бірінші орынға ие болып, басқа да халықаралық студенттік конкурстар мен ғылыми-зерттеу жобаларында жоғары нәтижеге қол жеткізді.

 

Студенттердің жетістіктері бойынша үздік бестікті М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті қортындылады. Жоо-ның 50-ден астам студенті Халықаралық ғылыми-зерттеу конкурстары мен олимпиадалардың жеңімпаздары атанды.

 

 

16.06.2021 ж.

Ақпарат көзі: dknews.kz