қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
13.09.2021

Біліктілікті арттыру курстары мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін арттырады

 

 

 

Жаңа оқу жылы бастала салысымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың «Жоғары оқу орындары орта білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсетуі керек» бастамасы аясында қызу іске кірісті.


2021 жылдың 7-12 қыркүйегі аралығында Алматы облысы білім басқармасына қарасты Қарасай аудандық Білім бөлімімен жасалған ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында «Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін шыңдау және пәндік құзіреттілігін арттыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтті. Біліктілікті арттыру курсына 500-ден аса орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері қатысты. Білікітілік курсының құттықтау сөзін Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор Мақтағали Бектемесов сөйледі. Курс спикерлері университетпен бірлесе жұмыс істейтін «Өрлеу» БАҰО тренерлері Әлия Арзиева мен Салтанат Арзымбетова болды.

 

Курс барысында жаңа жағдайда педагогикалық дағдыларды меңгеру, жаңа технологияларды енгізу, онлайн және офлайн жағдайда оқыту механизмдерін екі жақты жетілдіру мәселелері талқыланып, жан -жақты талданды.Курс соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

13.09.2021ж.

Ақпарат көзі: bilim.expert